Қызыл кітабқа енген өсімдіктер

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман қоры аумағы ғалымдардың зерттеуіне сәйкес өсімдіктер дүниесіне бай.

Оның ішінде Қызыл кітабына енген 5 түрі бар.Олар: Қарқаралы бөріқарақаты, Тықыр сфагнум, Жіңішке көкнәр, Көктем жанаргүлі, Қызыл қайың.

Қарқаралы бөріқарақаты. Сирек,шектеулі эндемик түр,аз мөлшерде кездеседі.Бұта,биіктігі 1-1,2.Жапырағы кері жұмыртқа тәрізді,күңгірт жасыл,күзде жалын түстес қызыл.Тікені жай,3-5 бөлікті.Гүлшоғыры 6-7 гүлден тұратын,көп гүлді шашақ.Жемістері әдетте 2-3 шашақтан көп емес,ашық қызыл,жалқы тұқымды,кері жұмырқа тәрізді.Тұқымымен көбейеді.Өсіп-өнуі сәуірдің аяғында басталады мамырдың ортасынан маусымға дейін гүлдейді,жемісі қырқүйектің басында піседі.Тау беткейлерінде жекелеген даналары Кент,Қарқаралы тауларында сирек қарағайлардың арасында өседі.Адамның шаруашылық әрекетінің еселене түсуі түрдің сақталуына қауіп тудырады.Алматы,Қарағанды ботаника бақтарында өсіріледі.Орталық Қазақстанда көгалдандыруға қолданылады.Қарағанды облысы Қарқаралы қорығында қорғалады.КСРО және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Қарқаралы ұлттық паркінің құрамындағы Кент тауы қорығын құруды жеделдету керек.Мәдени жағдайға кеңінен енгізу және көгалдандыру үшін пайдалану қажет.

Тықыр сфагнум.Қазақстан үшін өте сирек түр,ареалының Оңтүстік шекарасынан табылған.Шымтезек түзуші.Түптері сарғыш қоңырқайға дейін,кейде жасылдау.Сабақтары жапырақтар ұзарған жұмыртқа тәрізді,жоғарыға қарай аздап кеңейген және тек ұшығында шашақталған,сәл майысқан,түбіне дейін жіңішке көмкерілген. Екі үйлі өсімдік,спораларымен көбейеді.Қарқаралы тауларында кездеседі.Өсу орны;шымтезекті-қамыстыбатпақ.Негізгі қауіп тудыратын жағдай табиғи өсу орны-шымтезекті батпақтың кеуіп қалуы.Түр Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Өсу орнынқорықша деп жариялап,Қарақаралы тауларындағы шымтезекті сазды сақтап қалу керек.Мұнда қамысты шабуға тыйым салу керек.

Жіңішке көкнәр.Сирек эндемик түр.Көпжылдық,шымды өсімдік.Сабағын және жапырағын жатаған сиректүк басқан.Жапырағы гүлтұғырынан 2-3 есе қысқа,қауырсын тілімденген жапырақ тақталарымен.Гүлтұғыры түзу,жұқа.Бүршіктері шар тәрізді.Гүлдерінің диаметрі 2-3 см.,ақ немесе сарғыш.Қорапшасы кері-жұмыртқа тәрізді жатаған тікенекті.Өсіп-өну мерзімісәуірден қыркүйекке дейін.Маусым-шілдеде гүлдейді,шілде-тамызда жеміс береді.Тұқымы арқылы көбейеді.Жекелеген түрде тастақты солтүстік беткейлердегі тау шалғындарында Сарыарқаның шығыс бөлігінде,Кент, Қарқаралы,Қу,Қызыларай,Онтүстік Алтайда кездеседі.Шектеулі экологиялық мекен ортасы,сондай ақ адамның шаруашылық әрекеті мал жаю және туризм түрдің жойылып кету қаупін күшейте түседі.Қарағанды ботаника бағында (Қарағанды қ.) өсіріледі.Қарағанды облысындағы Кувск және Қарқаралы қорықтарының көлемінде қорғалады,Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.

Көктем жанаргүлі.Сирек түр.Осы туысқа кіретін өсімдіктердің ішіндегі бағалы дәрілік өсімдік.Декоративті,көпжылдық шөптесін өсімдік.Сабақтың төменгі жағындағы жапырақтар отырыңқы,саусақ салалы бүтін жиекті,жіңішке таспалы бөліктермен аяқталады.Гүлдері жалғыздан 4-7 см диаметрі,ашық сары желектерімен.Қауызы жұмыртқа тәрізді,жемісшелері түкті,қысқа ілмек тәрізді тұмсықшаларымен.Тек тұқымымен көбейеді.Наурыздың соңынан мамырдың аяғына дейін гүлдейді.Жемісі маусымның аяғы шілденің ортасында піседі.Сақталып қалған жерлері игерілген қаулы далалар,борлы жерлер,Батыс және Солтүстік Қазақстандағы кесілген орман алаңқайлары.Жерді кеңінен жырту,дәрілік шикізат ретінде жинау түрдің Қазақстанда толығымен,жойылып кетуіне әсер етеді.Санкт-Петербург қаласындағы ботаникалық бақта қолдан өсірілуде.Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.Түрді сақтап қалу үшін өсімдікті жинауға тиым салу керек.Сақталып қалған шіліктерді қорғауға алу қажет.


Қызыл қайың. Сирек түр,шектеулі эндемик.Биіктігі 8 м-дей ағаш.Қабығы күңгірт ақ түсті,бұтақтары тік,қиғаш бағытты,иілмеген.Жас өркендері қызғылт қоңыр,бетінде көптеген шайырлы бүртіктері бар,түкті не жалаңаш.Жапырақтары жұмыртқа тәрізді немесе эллипсті,ұзындығы 6 см-ге жетеді,түбі сына тәрізді,жоғарғы бөлігі сүйірленген,жиектері 2 қатар тісті,ара тәрізді;сағақтары түкті,жапырақ тақтасынан 4 есе қысқа.Мамырда жапырақтары толық ашылғанша гүлдейді,жемісі маусым шілдеде піседі.Тұқым арқылы және өскін арқылы көбейеді.Далалы ойпаттарда,құм шағылдары араларындағы ойпан жерлерде,қарағайлы ормандарда кездеседі.Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.

Ұлттық парктің басты мақсаты жалпы өсімдіктер дүниесін,соның ішінде қызыл кітабына енгендерін қорғап,сақтау.