Жануарлар әлемін қорғайық

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табиғатты және табиғат ресурстарынқорғау, оның ішінде жануарлар әлемін қорғау болып табылады.

Жануарлардың қандай бір түрін жоғалту ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және эколо-географиялық қызықтарына нұқсан келтіреді. Осы мәселелерді ұлттық парк қызметкерлері жауапкершілікпен арқарып келеді. Негізгі қызметтері болып: жабайы табиғаттың тарихи және мәдени ерекше құндылықтарын сақтау, ұлттық парктің аумағында орналасқан шаруа қожалықтарының тигізетін кері әсерлерін төмендету.

Қарқаралы ұлттық паркі экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық құндылықтарын сақтап, қалпына келтіруде маңызды роль ойнайды, ал ормандары биологиялық санәртүрліктерді сақтап, сау атмосфераны ұстайды. Осында ескере кететін жай, демалушылардың жаппай демалуы және жергілікті тұрғындардыңорманға баруы флорасымен фаунасының деградацияға ұшырауына әкеліп соғады. Сондықтан, демалушылар мен жергіліктіхалық орманға келгенде шуламауға, жабайы аң-құстарды үркітпеуге, қандай да болсын кері әрекеттер жасамауға шақырамыз.

Ұлттық парк қызметкерлері жылдың төрт маусымында да өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтауда көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Жабайы жануарларды сақтап, көбейту үшін қыс кезінде қосымша азықтандыру үшін жем-шөп салатын астаулар койып, қайын бұталарынан сыпырғыштар дайындап, құстарға ұя жасайды, дақылдар егіледі. Жыртқыш аңдардың түрлерінің көбейіп кетпеуін қадағалап отырады. Жылына 4 рет аңдар мен құстардың санақтардың жұргізіліп отырылады. Қарқаралы аумағында мекен ететінҚызыл кітапқа енген үкі, қара ләйлік,бүркіт, ителгі, қара дегелек, ақбас үйрек құстарымен, арқар, манул жануарлар түрлерінің жоғалып кетпеуін қадағалап отырады.

Жануарларымызды келер ұрпаққа саның азайтпай, керісінше көбейтіп жеткізейік!

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Аңшылықтанушы маманы С.Канафин