Орманды өрттен қорғайық

Өрт – тілсіз жау. Бұған дейін де талай орманды алқаптарды жалмаған өртті болдырмау қоршаған оританы қорғаушылардың қолында. Сондай жауапкершілік бүгінде «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» инспекторларының күнделікті бақылау жасап, кең өлкеміздің табиғатында өрттің шығуы жиі кездеседі.

«Өрт қауіптілігін бақылау» маусымы аясында инспекторларға көптеген міндеттемелер жүктелінеді. Атап айтсақ:

  • - Жазғы демалыс уақыты болғандықтан орман - тоғайға рұқсатсыз демалушыларды жібермеу;
  • - Орманда жүргенде шылым шекпеуге тыйым салдыру;
  • - Орман-тоғайдың кез-келген жерінде отырып от жақпауын қадағалау;

Көп жағдайларда орман өртінің пайда болуына 80 - 90 пайыз адамдар кінәлі: орман - тоғайда өртке қарсы ережелерді білмеуінен немесе білсе де өртке қарсы ережелерді сақтамауынан, орман-тоғайда демалып жүрген демалушылардан кейін өшірілмей қалған от алаулары, темекі түтіні, автокөлік пен тракторлардан шыққан ұшқын және т.б.

Осының салдарынан қурап тұрған шөптұтанып, үлкен өртке айналады. Өрт шыққан сәтте жел соғып, дауыл тұрып, қас-қағым сәтте үлкен өртке айналады. Егер орманшылар мен әуеден қорғайтын өрт сөндіруші десантшылар тез арада шар қолданып өшірмесе үлкен өртке ол өз кезегінде үлкен шығыға әкеп соғуы дәлме - дәл. Өртенген ағаштар қалпына келу үшін оңдаған тіпті одан көп жылдар керек. Өрт жүріп өткен жерде қаншама жабайыс аңдар, құстар, олардың ұялары отқа жанып кетеді. Ал орман-тоғайдың адам өміріне берер пайдасы зор екенін бәріміз білеміз.

Табиғаты сұлу жерлерге барып тамашалап демалғанды бәріміз ұнатамыз. Алайда, ормандағы өрт қауіпсіздігін сақтап, демалған орындарды тазалап жинау әрқайсымыздың міндетіміз!

Ш.Махмут

«Тау» орманшылығы орманшысының көмекшісі