Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туристік маршруттары бойынша мәлімет

Шайтанкөл көлі – Қарқаралы табиғатының ең бір сұлу өлкесінің бірі, талай ақынның сезімін тербеп шабытын оятқан, жаратылысы жұмбаққа толы көл.

1. «Шайтанкөл көлінің аңыздары» туристік маршруты.

Шайтанкөл көлі – Қарқаралы табиғатының ең бір сұлу өлкесінің бірі, талай ақынның сезімін тербеп шабытын оятқан, жаратылысы жұмбаққа толы көл. Үлкендердің айтуынша бұл көл әуелде «Әулиекөл» деген атауға ие болған. Қарқаралы қаласының оңтүстік батысы, «Тау» орманшылығында орналасқан. Қашықтығы - 7 км, аялдаманы ескере отырып маршрут ұзақтығы – 3 сағат. Бұғылы тауының теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы 60 метр, ені 40 метр. Тереңдігі әлі күнге белгісіз. Суы мөлдір, түбі тастақ, су сіңбейді. Оңтүстік, батыс, солтүстік жағаларын қоршап тұрған жартастардың биіктігі 10 метрге жуық. Қар, жаңбыр суымен толығады, су деңгейі өзгермейді.


Шайтанкөл – өзінің табиғи жаратылыс ерекшелігімен ертеден әсемдік пен сұлулықты қастерлеген қауымға шабыт берген, ғажайып көл. Қасиетті мекеннің тұмары.Шайтанкөл көлі – жартылай бұзылуға ұшыраған қат-қабатты гранитті жартастармен, хош иісті қарағай орманымен қоршалған. Жан-жағын қарағай, қайың, терек, таңқурай, тасжарған, тобылғы тағы басқа бұта өскен қалың ну орман көлеңке түсіріп, көл суын көп буланудан сақтап тұрады. Көлдің ғылыми, тарихи, туристік маңызы зор! Сонымен қатар, аты аңызға айналған Шайтанкөл көлінің өзіндік бірнеше аңыздары бар. Оның ішінде халық арасында таралғаны Алтай мен Сұлушаштың оқиғасы.Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасында Шайтанкөлдің әдемі көркі суреттелген. «Шайтанкөл – ғашықтар мекені» деп ақын Серік Ақсұңқарұлы әнге қосқан.


Баяғыда Сұлушаш деген байдың қызы болыпты. Оның есігінде жүрген Тезек деген құлы, Шұнақ деген күңімен қосылып, одан Алтай туады. Ол ер жетіп, Сұлушаш екеуі бір-бірін сүйеді. Бірақ бай қарсы болады.Алтайдың Қайсар деген досы, Сұлушаш үшеуі елден қашады.Олар Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендеп, тұрып жатады. Сол жерде аң аулап, құс ұстап күндерін көреді. Бір күні Алтай құс аулап жүріп құзға кездеседі. Сол құзға бүркіт ұя салған екен, Алтай одан бүркіттің балапанын алмақшы болады. Бірақ жолы болмай шыңырауға құлайды. Ал Сұлушаш Тескен таста сырнай тартып отырады. Біраздан соң артынан ырылдаған дауыс естіледі, қараса артында арыстан тұр екен (бұрынғы кезде Сарыарқа төсінде арыстандар мен жолбарыстар өмір сүрген). Содан қорыққаннан көлге құлап өледі. Қайсар Сұлушашты іздеп осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі, тақиясы жүзіп жүреді. Ол да сол көлге құлап өледі. Содан кейін бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты деседі.


«Легенды озера Шайтанколь» - одно из красивейших мест Каркаралинской природы. Озеро наполненное загадками, вдохновившее многих поэтов. По словам местных, это озеро изначально называлось «Аулиеколь». Расположен на юго-западе города Каркаралинск, в «Горном» лесничестве . Расстояние -7 км, продолжительность маршрута с учетом остановки – 3 часа. Озера расположен на высоте 1200 метров над уровнем моря. Длина 60 метров, ширина 40 метров. Глубина до сих пор неизвестна. Вода прозрачная, дно каменистое, вода не впитывается. Скалы, окружающие южный, западный, северный берега, имеют высоту около 10 метров. Наполняется снегом, дождевой водой, уровень воды не меняется.


Озеро Шайтанколь окружено частично разрушенными пластовыми гранитными скалами, благоухающим сосновым лесом. Густо заросший кустарником лес, окруженный сосной, березой, тополем, камышом отбрасывает тень и удерживает озерную воду от сильного испарения. Озеро имеет большое научное, историческое, туристическое значение! Казахские поэты, такие как Сабит Муканов, Сырбай Мауленов, Серик Аксункаров пели в своих песнях и небольшое озеро стало основой легенды. Кроме того, есть несколько собственных легенд легендарного озера Шайтанколь. Самый расспростроненный среди населения-история Алтая и Сулушаша.


2. «Тас ертегісі» туристік маршруты

Тас ертегісі (Бассейн)көлі –Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Тау» орманшылығында орналасқан. Қашықтығы - 4,6 шақырым, аялдаманы ескере отырып ұзақтығы– 3 сағат. Жалпы ауданы – 0,14 га. Бассейн көлі-Қарқаралы қорығындағы көркем шағын көл. Пішіні жүзу бассейніне ұқсас болғандықтан «бассейн» аталған. Теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте орналасқан геологиялық бірегей түзілім, көлдің ұзындығы 60 м, ені 40 м, орташа тереңдігі 3 м. Гранитті биік тастармен қоршалған. Жан-жағындағы жартас тастар жазда көлді көлеңкелеп, оның суын буланудан сақтайды. Батыс, солтүстік жағалаулар ойпатты келеді. Шығыс жағалауы ашық, жұмсақ, су деңгейі бір қалыпта сақталады. Көл қар мен жаңбыр суларына толады, суы мөлдір, тұщы. Бассейн көлінің биігінен Қарқаралы қаласына, оң жағынан Кендара шатқалының тауларына әдемі, көзтартарлық табиғат көрінісі ашылады.


Озеро Каменная сказка (Бассейн) – Каркаралинский государственный национальный природный парк, расположенный в «Горном» лесничестве. Расстояние-4,6 километра, продолжительность с учетом остановки – 3 часа. Общая площадь-0,14 га. Озеро Бассейн -живописное небольшое озеро в Каркаралинском заповеднике. Назван «бассейн» из-за его формы, похожей на плавательный бассейн. Геологическое уникальное образование, расположенное на высоте 1200 м над уровнем моря, озеро имеет длину 60 м, ширину 40 м и среднюю глубину 3 м. Окружено высокими гранитными валунами. Скальные камни по бокам затеняют озеро летом, защищая его воду от испарения. Западное, северное побережье приходит в низменности. Восточное побережье открытое, пологое, уровень воды поддерживается на одном уровне. Вода прозрачная, пресная. С высоты озера Бассейн открывается прекрасный, захватывающий вид на город Каркаралинск, а с правой стороны-на горы урочища Кендара.


3. «Үш үңгір» туристік маршруты

«Үш үңгір» – Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Тау»орманшылығы, Мәліксай алқабында орналасқан алғаш қауым мекендеген үнгірлер. Негізгі географиялық пункттерінің атауы – «Табиғат мұражайы» - «Үш үңгір». Қашықтығы 12 км, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы– 1 сағат 20 минут. Маршрут Қарқаралы МҰТП кеңсесінен басталады, қаланың оңтүстік шеткері шекарасымен жүріп отырып, тамашалап көретін бірінші объектісі «Табиғат мұражайына» келіп жетеді.1983 жылы салынған, ағаштан тұрғызылған екіқабатты құрылыс. Бұл жерде туристтердің назарына ұлттық парктің өсімдіктер мен жануарлар әлемін, өзен-көлдері мен тау-ормандары көрсетілген Қарқаралы тауларының макеті, тарихы туралы жалпы мәлімет алуға болады. Мұражай жанында аумағы 2 га болатын, жануарлар мекендейтін зоологиялық вольер орналасқан. Вольерде суырлар, бұғылар, бизондар мекендейді. Екінші тамашалап көру обьектісі «Үш үңгір» туристік маршруты. Объект табиғат ескерткіші болып саналады.


Үш үңгір, сондай-ақ «Алғаш адам үңгірі» деп аталады. Қарқаралы табиғи қорығының туристік тартымдылығы. Үңгірдегі төбенің биіктігі 5 метр, ені 20 метр, ұзындығы 10 метр. Үңгір өте кең, ежелгі уақытта үңгірде бірнеше адам тұрып, осы жерден баспана тапқан. Бұл үңгірде, егер сіз қатты айқайласаңыз, үңгірдің жоғарғы жағындағы үйінділердің арқасында пайда болатын ерекше жаңғырықты естисіз.


Үш үңгірге жету үшін әдемі орманмен қоршалған Қарқаралы тауларында шағын таулы жорық жасау керек, соқпақ орманның шетінен өтеді.

«Үш үңгір» туристік маршрут бойымен 600 метр қашықтықта бір үлкен үңгір«Большая палата» кешені орналасқан. Қарағанды мұражайының археологтарының үңгірлер мен айналаны зерттеу жұмыстары барысында мұнда ежелгі қағаз қыстырғыштар мен жануарлардың сүйектері табылды, зерттеушілердің айтуы бойынша үңгірлер «жаңа тас және қола дәуіріндегі адамдардың тұрақтары» деп аталды.

Үш үңгір – жіңішке тау шатқалының Тасбұлақ алқабымен етегінде сулы жылға ағады, ал беткейлерінде қарағайлар өсіп тұр. Үңгір гранитті плиталармен түзілген, үш кіреберіс босағасымен тереңдеп жер астына бойлайтын үңгірлер. Шеткі үңгірлер кішігірім көлемде, бірақ-та 2-3 адам сыйып кететіндей, ортаңғы үңгірге бастапқыда бүкірейіп кіргенмен біраздан соң кісі бойы көтерілуге болады.1947 жылы Қарағанды облысының өлкетану мұражайының қызметкерлері бұл жерден көне қырғыштар мен үй жануарларының сүйек қаңқаларын тапқан. Қарағанды облысының өлкетану мұражайы қызметкерлерінің тапқан аттарына сәйкес үңгірлер «көне тас қола» дәуіріндегі адамдардың тұрағы деп танылған.

Три пещеры, так же известна как «Пещера первобытного человека». Туристская достопримечательность Каркаралинского природного заповедника. Высота потолка в пещере 5 метров, ширина 20 метров, длина 10 метров. Пещера довольна обширная, в древности в пещере могли разместиться несколько человек и найти здесь укрытие. В данной пещере если громко крикнуть можно услышать необычное эхо которая образуется за счет наваленных камней в верхней части пещеры.

Чтобы попасть в три Пещеры необходимо совершить небольшой горный поход по горам Каркаралы, в окружении красивейшего леса, тропа проходит по опушке леса. На расстоянии 600 метров от Трех Пещер находится другой интересный пещерный комплекс, состоящий из одной пещеры. Археологи Карагандинского музея обследовали пещеры и местность вокруг, здесь были обнаружены древние скрепки, и кости животных, после этого пещеры получили название как «стоянки человека ново-каменного и бронзового веков».

«Три пещеры» – Каркаралинский государственный национальный природный парк, «Горное»лесничество.Первые общественные места, расположенные в долине Маликсай. Название основных географических пунктов – «Музей природы» - «Три пещеры». Расстояние 12 км, продолжительность времени с учетом остановки - 1 час 20 минут. Маршрут начинается от канторы Каркаралинского ГНПП, проходит по южной окраине города и достигает первого объекта – «музея природы». Двухэтажное деревянное здание, построенное в 1983 году. Макете Каркаралинских гор с указанием растительного и животного мира национального парка, рек-озер и горных лесов, зоологический зал, орнетологический зал, исторический зал есть все интересные и позновательные информации для посетителей территории ООПТ. Рядом с музеем находится зоологический вольер площадью 82 га, где обитают сурки, олени, бизоны. Второй объект просмотра-туристический маршрут «Три пещеры». Объект считается памятником природы.

Три пещеры- у подножия долины Тасбулак. Пещера образована гранитными плитами, пещерами, углубляющимися под землей с тремя входными порогами. Пещеры имеют небольшие размеры, но могут вместить до 2-3 человек, а в среднюю пещеру можно заходить немного нагибаясь, а чуть дальше уже встать во весь рост. В 1947 году сотрудники Карагандинского областного краеведческого музея обнаружили здесь древние скребки и костные скелеты домашних животных. По мнениям сотрудников Карагандинского областного краеведческого музея пещеры признаны стоянками людей еще времен эпохи «древней каменной бронзы».


4. «Тарихи ескерткіштер» туристік маршруты

«Тарихи ескерткіштер»туристік маршруты - Қарқаралы МҰТП аумағында орналасқан. Ұзақтығы 46,8 шақырым, аялдамаларды ескере отырып уақыт ұзақтығы 5 сағат,20 минут.


Қызыл кеніш сарайы (Қызыл әулие) – Қарқаралы өңіріндегі республикалық маңызы бар 16-17 ғасырлардағы тарихи – сәулет ескерткіштерінің бірі. Кент тауларының шығыс бөлігінде Қызылкеніш шатқалының, Қызылсу өзенінің жағасында орналасқан. Ескерткішті алғаш рет 1820 жылдары патша армиясының генералы С.Р.Броневский сарай маңындағы обаларды қазу барысында зерттеген. Зерттеушінің жазуы бойынша: «Сарай екіқабатты, айқыш (крест) пішіндес, жабайы тастан ізбес қолдана отырып салынған, төбесі қызыл түспен боялған, жоғарғы қабатта айналма галерея мен мастикамен боялған төрт колонна ұстап тұрған фронттар болған». Кейіннен зерттеу жұмыстары 1950, 1985, 1986-1987 жылдары жүргізілінген.


Будда ғибадатханасы – XVII ғасырдың екінші жартысы. Жоңғар хандығы кезеңіндегі Будданың ғибадатханасы екендігі жөнінде гипотеза көптеген ғалымдардың пікірлерінде айтылған. Жоңғар хандығының кезеңі мемлекет ретінде көптеген халықтың тарихы мен мәдениетінде Моңғолия, Тибет, Қытайды қоса алғанда ұлаңғайыр кеңістікті алып жатқан өңірлерде терең ізін қалдырған. Зерттеу жұмыстарын ең алғаш ғалым Г.Ф.Миллер 1760 жылдардағы ғылыми жазбаларында атап өткен. Кейіннен ғалым-зерттеушілер Г.Броневский, В.Никитин қазба жұмыстарын жүргізген.


Маршрут ҚМҰТП-ң кеңсесінен басталып, Қарқаралы қаласы арқылы өтеді, бұдан әрі Үлкен көлі маңынан жалғасады. Үлкен көлден маршруттың бағыты келесі– Талды өзеніне дейін ашық дала жерімен созылып жатыр. Объектіні көріп тамашалағаннан соң маршруттың бағыты Комсомол поселкесіне алып келеді, Қызыл Кеніш өзені маңымен таулы орман алқабымен өтеді, маршруттың сол жағында теңіз деңгейінен 450-550 м биіктікте жоғарылай граниттық жалаңашталған жоталары орналасқан.Бұдан әрі маршруттың маңайына «Домалақ тас» гранитінің таңғажайып нысандары жанасады. Маршруттың бағыты «Қызыл Кеніш» будда ғибадатханасына жетелейді. Дала жолымен көркемді шабындық жерлерінің маңымен «Табиғат таңғажайыбы» тас мүсіндерінің жанымен маршруттың тармағы «Беғазы Дәндібай» мәдениеті мекеніне алып келеді.


Ғалымдарды қызықтырған «Қызыл Кент», Қызыл кеніш сарайы 1832 жыл¬дан белгілі. Алғашқы мәліметтерді А.Левшин, Г.Броневский, Н.Коншин, Ә.Мар¬ғұлан, В.Никитин, А.Чулошников, Д.Байжұмыров өз еңбектерінде жаз¬ған. Сарайдың жанында алғашқы археологиялық қазба жұмыстары сонау 1825 жылы генерал С.Броневскийдің басшылығымен жүргізілген болатын. Қазба жұмыстары нәтижесінде алтын, күміс және бағалы тастардан жасалған көптеген заттар табылған. Н.Коншин «Павлодардан Қарқаралыға дейін» атты мақаласында: «Сарайдың қираған жерлерінде ақ балшықтан жоғарғы жағы кеңейтіліп жасалған құмыралар табылды және олардың ішінен бидай дәні әрдайым кездеседі», – деп жазады. Қы¬зыл кеніш сарайының қирандысынан табылған заттардың біреуі бұрын Семей музейінің археологиялық коллекциясында сақталған екен. И.Чеканинский оны «цаца» (әшекей-бұйым) деп санап, суретін Қызылкеніш сарайына арнаған еңбегінде берген. «Мұндай «цацалар», ғұрыптық маңызға ие және олар монастырлардағы құлпытастарға қойылады», – деп жазған.


ХХ ғ. 50-ші жылдарында сарайды археологиялық карта құрастыру барысында Қазақ КСР Ғылым Академиясы экспедициясы зерттеді. Кент сарайына байланысты археологиялық қазба жұмыстары 1985 жылы «Казпроектреставрация» институтының археологиялық бөлімдері арқылы басталды. Әрі қарайғы ескерткіштің зерттелуін, 1986-1987 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің (профессор А.Әбілевтің бастамасы бо¬й¬ынша құрылған «Эврика» студенттік тобы) археологиялық экспедициясы жал¬ғастырды. Кешенді зерттеуді 1987 жылдан бүгінге дейін белгілі археологтар – В.Евдокимов, С.Жауымбаев, В.Варфоломеев, Е.Смаилов және А.Бейсенов басқарған экспедициялар жүргізіп, үлкен істер атқарды. Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуші М.Чеканинский 1929 жылы «Қазақстанды зерттеу қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жариялан¬ған Қызылкент қиратындылары» атты мақаласында Қарқаралы өңірі қазақтарының қоныстану тарихын жазғанда бірқатар қызықты мәліметтер береді. Ол Кент сарайының кішігірім ғимаратының Будда храмына ұқсатып салынғанын айтады. Халық арасында ол Кент сарайы, Қызыл кеніш сарайы, Қыз-Әулие деген атаумен белгілі. Бұл нысан туралы бірнеше нұсқадағы аңыз-әңгімелер жиі кездеседі. Қызыл кеніш сарайы туралы аңыздың бірі: «…Бағзы бір заманда Еділ бойында қалмақ ханы Әуке және шығыста жоңғар ханы Қонтажы деген екі хан өмір сүріпті. Әукенің Нежде деген сұлу қызы болған. Қонтажы соған ғашық. Көп кешікпей олар құда түсуге қам жасайды. Базарлықтарын артып алып, керуен жолға шығады. Қонтажы өте бай болған. Әуке хан онымен құда болатынына қатты қуанады. Көп кешікпей Нежде өзінің туған үйінен бірінші рет алыс сапарға 40 қыз, 40 нөкерімен жолға шығыпты. Бас-ая¬ғы елу түйеге жүк артылып, сексен адам керуен құрамына енді. Олармен қоса, жол көрсетуші бір қазақ, бір қалмақ батырын жібереді. Кент тауының бауырына келгенде күн суытып, боран соғады. Батырлар тоңғаннан кейін бір-бірімен күресуге бел байлайды. Олар ұзақ алысып, ақырында қазақ батыры қалмақтың белін сындырады. Мұны көрген хан қызы ашуға мінеді. Бірақ, ол көп кешікпей, қазақ батырына көңілін білдіреді. Хан қызы «Бұдан әрі бармаймыз, осы жерде қыстаймыз», – дейді. Оның сөзін екі етпейтін керуен мүшелері сарай салу қамына кіріседі. Сарай құрылысы басталып, оны қызыл граниттен салған. Сондықтан, оны «Қызыл кеніш» деп атау ұйғарылады…». Бұдан да басқа Қызыл кеніш жайлы аңыздың бірнеше түрлері бар. Аңыз-әңгімелерде, әсіресе, В.Ни¬китин, Н.Коншин сияқты зерттеушілердің жазбаларында кездеседі. Аңыздардың жазбаға түсуі әртүрлі деңгейде болғанымен, олардың ортақ желісі – бір. Еділ бойындағы қалмақ қонтайшысының қызы шығыстағы жоңғар ханына ұзатылыпты-мыс. Сол жылы қыс ерте түсіп, жолшыбай Кент тауына тура келеді. Арқаның алты ай қысында хан қызы қазақ батырымен танысып, көңіл қосады. Аңыз-әңгімелерде қалмақ ханы Қалдан Серен, қалмақ батырлары – Айда, Тілеуке, хан қызы – Ләуке, Елеуке болып айтыла береді.


Ал, «Кент сарайы» – Ойрат архитектуралық ескерткіштеріне тән. Будда сәулет өнерінің ғибадатханасының кешендеріне ұқсас болып келеді. Кешен құрамына 4 ғимараттың қалдықтары кі¬реді: 2 храм, шаруашылық ғимарат және тұрғын үй. Биіктігі 1,5-2 метрге жететін бас храмның қалдықтары бүгінге дейін сақталған. Оның үш жақтан жалғас салынған қосымша бөлмелерінің сыртқы шығатын есіктері байқалмайды. Бас храмға ішкі есіктер арқылы өткен. Терезелердің қай жерде орналасқаны туралы да дәл айту қиын. Оның жоғарғы жағында балкон тәріздес 6 діңгекпен тірелген қалқан бар. ХІХ ғасырдың соңына қарай ғимаратқа үлкен зақым келген. Бүгінде бас храмның крест тәрізді етіп тастан қаланған екі қабатты құрылыс болғандығы анықталды. Бұл жергілікті тұрғындардың әңгімесі арқылы және оңтүстік қабырғаның биіктігі, екінші қабаттағы биіктікте терезенің болуы негізінде дәлелденді.


Бүкіл сарай жапсырма құрылыстарымен бірге тас тақталардан салынып, ішкі және сыртқы жағы әк қосылған балшықпен сыланған. Қабырғалардың қалыңдығы 1 ар¬шин 2 вершок (ежелгі орыс ұзындық өлшемі, 1 аршинде – 71 см, 1 вершокта – 4,445 см бар). Сарай маңында түрлі құрылыстардың үйінділері және бірнеше қабір бар. Сыртынан қарағанда олар қазақтардыкі емес. Бұл сарайдың Жоңғар хандығы тұсында пайда болған ескеркіш екендігін тағы дәлелдейді. Қызыл Кент үйіндісінің маңынан бидай тұқымы бар бірнеше қыш құмыра, яғни, будда дінінің заттары табылды. Ғалымдардың сөзіне сенер болсақ, қаз¬ба жұмыстары барысында сол заманға жататын, табылған жәдігерлердің көпшілігі жергілікті жердің жағдайына сай келмейді. Олардағы ою-өрнектер Моңғол елінің лама храмдарындағы дүниелерді әшекейлеу үшін қолданылатын өрнектермен ұқсас. Соған байланысты зерттеушілер «Бұл – будда ді¬нінің лама тармағын ұстанушылардың ғибадатханасы болған» деген қорытындыға келіп отыр. Бас храмның ғұмыры ұзақ болмаған. Қазба жұмыстары барысында сол заманға жататын жануарлар сүйектерінің аздығы және соған тән жәдігерлердің аз болуы осыны дәлелдейді. Археологтар 30 гектардан астам жерді алып жатқан бұл өңірде қола кезеңінен бері қарай үлкен елді мекеннің, қала болғандығын айтады. Бір мезгілде, тіпті, шамамен мыңдаған адам мекен еткендігін дәлелдейді. Қалада сауда ісі жақсы дамыған. Оған себеп – археологиялық қазба жұмыстары аясында сарайдан сауда орындары, сырт мемлекеттерден келген сауда бұйымдары табылған. Бұдан бөлек, бұл жерде мекендеген халық¬тың ғибадатханалары қаншама?! Қай заманда болса да жергілікті халық, осы жерге келіп тәу етіп, қасиетті жер деп қас¬терлеп жүрген болса керек. Қызыл кеніштің құпиясы әлі түпкілікті ашылмаған.1982 жылы нысан Республикалық маңызы бар Қазақстан тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің тізіміне енді.


«Исторические памятники» - туристический маршрут расположен на территории Каркаралинского ГНПП. Протяженность 46,8 км, продолжительность времени с учетом остановок 5 часов 20 минут.

Дворец красного рудника (Кызыл Аулие) – один из историко – архитектурных памятников 16-17 веков республиканского значения в Каркаралинском регионе. Расположен в восточной части Кентских гор на берегу урочища Кызылкениш, реки Кызылсу. Впервые памятник был исследован в 1820-х годах генералом царской армии С. Р. Броневским. По словам исследователя: «дворец был двухэтажным, в форме креста, построен с использованием дикого камня, крыша окрашена в красный цвет, а на верхнем этаже были фронтоны, поддерживаемые круговой галереей и четырьмя колоннами, окрашенными мастикой». Исследования также проводились в 1950, 1985, 1986-1987 годах.

«Кызыл Кент», представлявший интерес многих ученых, известен с 1832 года. Первые сведения написали в своих трудах А. Левшин, г. Броневский, Н.Коншин, А. Маргулан, В. Никитин, А. Чулошников, Д. Байжумиров. Первые археологические раскопки вокруг дворца были проведены еще в 1825 году под руководством генерала С. Броневского. В результате раскопок было обнаружено множество предметов из золота, серебра и драгоценных камней. Ученый исследователь Н. Коншин в своей статье «от Павлодара до Каркаралинска» пишет: в руинах дворца были обнаружены кувшины из белой глины. Один из предметов, найденных в руинах дворца красного рудника, ранее хранился в археологической коллекции Семипалатинского музея. И. Чеканинский считал его «цаца» (украшение-изделие) и передал его в работу, посвященной краснокнижному дворцу. «Цацы» имеющие ритуальное значение их кладут на надгробия в монастырях».

В 50-х годах ХХ в. дворец исследовал экспедиция Академии наук Казахской ССР при составлении археологической карты.

Археологические раскопки, связанные с поселковым дворцом, начались в 1985 году через археологические отделы института «Казпроектреставрация». Дальнейшее изучение памятника продолжила археологическая экспедиция Карагандинского государственного университета (студенческая группа «Эврика», созданная по инициативе профессора А. Абилева) в 1986-1987 годах.


Комплексное исследование проводилось с 1987 года по сегодняшний день экспедициями под руководством известных археологов – В. Евдокимова, С. Жаумбаева, В. Варфоломеева, Е. Смаилова и А. Бейсенова. Исследователь древней истории Казахстана М. Чеканинский в своей статье 1929 года «Руины Кызылкента, опубликованные в трудах Семипалатинского отделения Общества изучения Казахстана», дает ряд интересных данных при написании истории расселения казахов Каркаралинского региона. Он также отметил, что небольшое здание Кызылкенш было построено по образцу буддийского храма. В народе он известен под названием «Қыз-Әулие». Об этом историческом месте, часто ходят легенды в нескольких вариантах.Одна из легенд о красном Рудничном дворце гласит: «когда-то на Волге жили два хана-калмыцкий хан ауке и Джунгарский хан Контаж на востоке. У Ауке хана была красивая дочь Нежде. В него был хан влюблен Контажы. Вскоре они договорились о проведении помолвки дочери Нежде. Ауке хан был очень рад, что дочь обручилась с богатым ханом. Вскоре Нежде впервые отправились в дальнюю поездку вместе с 40 батырами. На пятидесяти верблюдах были выгружены приданое, восемьдесят человек вошли в состав каравана. Вместе с ними ханотправляет одного казахского, одного калмыцкого батыра. Погода стало меняться, начался буран и метель. Из за погодных условий дочь хана Ауке приказала всем «Дальше не поедем, здесь перезимуем», остоновится в горах Кент и построить здесь же дворец. Началось строительство дворца, его построили из красного гранита.В течение шести месяцев дочь хана Нежде познакомилась с казахским батыром и призналась ему о своих чувствах. Спустя время у них родился сын... Кроме того, существует несколько легенд о красном руднике. Особенно в трудах таких исследователей, как В. Никитин, Н.Коншин. Хотя появление легенд находится на разных уровнях, их общая цель – одна.


«Кентский дворец» – типичный для памятников архитектуры Ойратов. Архитектурные комплексы напоминают храмы Будда. В состав комплекса входят остатки 4 зданий: 2 храма, хозяйственное здание и жилой дом. Остатки главного храма высотой 1,5-2 метра сохранились до наших дней. Его дополнительные комнаты, примыкающие к трем сторонам, не имеют внешних выходов. Главный вход прошла к храму через межкомнатные двери. Трудно сказать точно, где расположены окна. Сверху он имеет щит, поддерживаемый 6 мачтами в форме балкона. К концу девятнадцатого века здание было сильно повреждено. На сегоднящний установлено, что главный храм представлял собой двухэтажное сооружение, построенное из камня в форме креста. Это было доказано рассказами местных жителей и на основе высоты южной стены, наличия окна на высоте второго этажа.Весь сарай был построен из каменных плит вместе с лепными конструкциями, а интерьеры были оштукатурены известковой глиной. Толщина стен составляет 1 аршин 2 вершка (древнерусская мера длины, в 1 аршине – 71 см, в 1 вершине – 4 445 см). Рядом с дворцом есть груды различных построек и несколько могил. Это еще раз доказывает, что дворец является памятником, возникшим при Джунгарском ханстве. Рядом были обнаружены несколько гончарных горшков с семенами пшеницы, то есть предметы буддийской религии. По словам ученых, большинство найденных в ходе раскопок артефактов, относящихся к тому времени, не соответствуют условиям местности. Орнаменты на них похожи на узоры, используемые для украшения миров в храмах Лама Монгольской страны.В связи с этим, исследователи приходят к выводу, что «это был храм приверженцев ветви лама буддийской религии». Жизнь главного храма длилась недолго. Об этом свидетельствует наличие в ходе раскопок небольшого количества костей животных, относящихся к тому времени, и небольшого количества характерных артефактов. Археологи отмечают, что в этом регионе, занимающем более 30 гектаров, со времен бронзы существовал крупный населенный пункт, город. Доказывается, что на данном населенным пунктежили даже около тысячи человек. Причина в том, что в рамках археологических раскопок во дворце были обнаружены торговые места, торговые изделия из внешних государств. В 1982 году объект вошел в список памятников истории и культуры Казахстана республиканского значения.