Кәдімгі күйкентай
Кәдімгі күйкентай (лат. Falco tinnunculus) – сұңқартәрізділер отрядына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда кең тараған. Орманды далада, дала және шөлейтті аудандарда мекендейді.
Күйкентайлар – жыл құсы. Наурызда ұшып келеді. Топталып ағаш басына ұялайды. Сәуірдің 2-жартысында ұяда 3 – 8 (көбіне 4 – 5) бурыл дақты сарғылт жұмыртқа салады. Оларды ұябасары 30 күндей шайқайды, балапандары бір айдан соң ұядан ұшады.
Аң аулау кезінде күйкентай ауада қалғып, қанаттарын қағып, олжасын іздейді. Тышқанды немесе үлкен жәндікті байқаған бетте, төмен қарай тез ұшады. Ересек күйкентайлар бір күнде он шақты кеміргіштерге дейін жейді.
Кәдімгі күйкентайлардың көру өткірлігі адамнан 2,6 есе жоғары.
"Tinnunculus"- ғылыми атауы өзінің дауысына байланысты, "ти-ти-ти" дыбыстарына ұқсайды, Олардың биіктігі мен жиілігі жағдайларға байланысты өзгереді.
Зерттеулер жұмыстары көрсеткендей, ұрғашы күйкентайлардың 11 түрлі дыбыстық сигналы бар, ал еркектерде 9дан жоғары екені белгілі болды.
Қүйкентай құсы Қарқаралы МҰТП паркі аумағында көп кездеседі және мемлекеттік орманшылардың жоспарлы фенологиялық күнделігіне тіркелініп, жазылынады.