НОВОСТИ

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Сіздерге деген шын жүректен бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір тілектерімізді қабыл алыңыз. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!
Орман – адамның бойына қуат, көніліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Оны көздің қарашығындай сақтап, аялап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз баршамыздың ортақ парызымыз.