Минэкологии и National Geographic Qazaqstan запускают фотоконкурс «Дикая природа Казахстана»

Министерство экологии, геологии и природных ресурсов РК совместно с редакцией журнала «National Geographic Qazaqstan» проводит первый республиканский фотоконкурс «Дикая природа Казахстана». Призовой фонд составляет 1,5 млн. тенге.

В состав экспертной комиссии войдут профессиональные иностранные и отечественные фотографы, эксперты в области фотографии, представители СМИ. В конкурсе могут принять участие фотолюбители и профессионалы, достигшие 18 лет.

Работы участников принимаются с 1 февраля по 15 апреля 2021 года.

Подробнее с условиями конкурса можно ознакомиться по данной ссылке https://www.photocontest.kz/

Данным мероприятием организаторы нацелены привлечь общественное внимание к вопросам взаимодействия человека и природы, к сохранению природного разнообразия, популяризировать идеи бережного отношения к окружающей среде.

Ранее Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев отметил важность экологического образования, просвещения населения, начиная со школьной скамьи. В связи с этим, Минэкологии готовит пакет документов для улучшения ситуации в сферах бережного отношения к окружающей среде, ответственного отношения к животным, а также развития экотуризма в нацпарках.

Для разрешения этих вопросов министерством разработаны соответствующие мастер-планы, в процессе которых проводится работа по их обсуждению с общественностью. Кроме того, в целях обеспечения прозрачности принимаемых решений, при нацпарках созданы общественные советы.

В своей деятельности редакция журнала «National Geographic Qazaqstan» также поднимает острые вопросы в сфере экологии, охраны окружающей среды, объектов животного мира. При поддержке партнеров, казахстанская редакция журнала ежегодно проводит мероприятия, направленные на формирование экологической культуры: научные экспедиции, туры, фотовыставки в столице и регионах РК, публикует материалы в журнале и на интернет-ресурсах издательства.



Экология министрлігі мен National Geographic Qazaqstan «Қазақстанның тұмса табиғаты» атты фотобайқау өткізеді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «National Geographic Qazaqstan» журналының редакциясымен бірлесіп «Қазақстанның тұмса табиғаты» атты алғашқы республикалық фотобайқау өткізеді. Жүлде қоры 1,5 млн. теңгені құрайды.

Сараптау комиссиясының құрамына кәсіби шетелдік және отандық фотографтар, фотосурет саласындағы сарапшылар, БАҚ өкілдері кіреді. Байқауға әуесқойлар фотографтар мен 18 жастан асқан кәсіби мамандар қатыса алады.

Қатысушылардың жұмыстары 2021 жылдың 1 ақпанынан 15 сәуіріне дейін қабылданады. Байқау шарттарымен мына сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады https://www.photocontest.kz/.

Осы іс-шара арқылы ұйымдастырушылар адам мен табиғаттың өзара қатынас мәселелеріне, табиғи әртүрлілікті сақтауға қоғамдық назар аударуды, қоршаған ортаны құрметтеу идеяларын кеңінен насихаттауды көздейді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық білім берудің, мектеп қабырғасынан бастап халықты ағартудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осыған байланысты, Экология министрлігі қоршаған ортаны құрметтеу, жануарларға жауапкершілікпен қарау салаларындағы жағдайды жақсарту, сондай-ақ ұлттық парктерде экотуризмді дамыту үшін құжаттар пакетін дайындауда.

Осы мәселелерді шешу үшін министрлік тиісті бас жоспарларды әзірледі, оларды халықпен талқылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық парктер жанынан қоғамдық кеңестер құрылды.

«National Geographic Qazaqstan» журналының редакциясы өз қызметінде экология, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесі саласындағы өткір мәселелерді де көтереді. Серіктестердің

қолдауымен журналдың қазақстандық редакциясы жыл сайын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді: ҚР елордасы мен өңірлерінде ғылыми экспедициялар, турлар, фотокөрмелер өткізіп, материалдарды журналда және баспаның интернет-ресурстарында жариялайды.