Аэрация

Мемлекеттік орман қорының аумағындағы су объектілері табиғи-қорық қорының жүйесін құраушы маңызды учаскесі болып табылуда.

Мемлекеттік орман қорының аумағындағы су объектілері табиғи-қорық қорының жүйесін құраушы маңызды учаскесі болып табылуда.

Мұндағы су қоры, орман алқаптарындағы өсімдіктерге нәр,жануарларға суат,өртке қарсы су қоймасы болуымен қатар, Ұлттық парктің аумағындағы балықтар дүниесіне де, тіршілік ортасы болуда.

Олардың сақталынып, молығуына қамқорлық мемлекеттік инспекторларының бірқатар қызметтік міндеттерінің бірі және ол жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың қаңтар,ақпан айларының басында осындай іс-шараларымен, Ұлттық парк аумағындағы «Самалкөл», «Шоқпартас», «Кімасар» және «Кендара» көлдерінде мемлекеттік инспекторлармен бірлесе «аэрация» шаралары жасалынды.

Мұз құрсауына бұрғыланған ұңғылар арқылы су айдыны оттегіне қанығып, балықтарға қамқорлықтың қадамы жасалынды.

Аңшылықтанушы: С. Канафин