Максутов Жолдасбек Максутович 1939 жылы туылған
2019 жылдың қаңтар айының 15 күні Қарқаралы ауданына танымал азамат, көп жылдар Қарқаралы орман шаруашылығын басқарған, орман шаруашылық саласының ардагері Максутов Жолдасбек Максутович өмірден озды.
1979 – 1989 жылдар аралығында, Қарқаралы орман шаруашылығы өндірістік – кәсіпорны директоры лауазымында қызмет атқарған.
Осы жылдардың кезеңі аралығында, Жолдасбек Максутовичтің басшылығымен, «Суықбұлақ» шатқалындағы орман питомнигі толығымен қоршалынып, суару жүйелері тартылып, тұрақты екпе ағаш материалдарын өсіріп, орман алқаптарын ұлғайту маңызды шаралары қолға алынды. Кәсіпорынның ағаш өңдеу ауласында, ағаштан сувенирлік бұйымдар өндіріп шығаратың қос қабатты цехы салынды. Әшекей бұйымдар халық тұтынатың тауарлар ішінде кең сұранысқа иеленді. Осы өңдірістік аулада, кәсіпорынның цех, кеңсе, гараждарын, тағы басқа ғимараттарын жылыту қазандығы салынып, іске қосылды. Қазандықтан ыстық судың тиімділігін қосымша жарату мақсатында мекеме жұмысшы қызметкерлеріне санитарлық кешені «Монша» құрылысын салдыртты. Монша ғимаратында, сонымен қатар «Бассейн» ұйымдастырылды.
Кәсіпорынның өрт қауіпсіздігі және ауыз сумен қамтамасыз етілуіне «Скважина» бұрғылатып, су берілді. Өрт сөндіру автомашина, трактор техникаларына жеке гараждары салынды. Заман талабына сәйкес тың жерден кәсіпорынның қос қабатты кенсе ғимараты қызмет кабинеттерімен салынып қазіргі уақытта мекеменің міңдет мақсаттарына қызмет етуде. Аумақта туризмның келешегін ойластырып тау орманшылық жеріңде «Табиғат мұражайы» және зоологиялық вольер ұйымдастырылды. «Табиғат мұражайының» құрылысы мекеме жұмысшыларының қолымен жасалынды. Қазіргі таңда мұражайға республикамыздың және сырт елдердең аймаққа туризм бағытында қызықтап келушілердің легі үзілмеуде. Кәсіпорынның жұмысшы қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелеріде шешімің тапты. Жолдасбек Максутович сонымен қатар Қарқаралы қаласымен ауданының қоғамдық экономикалық мәселелеріне дең қойып депутат ретінде белсене араласты. Басшылығының, нәтижелі іскерлігінің арқасында кәсіпорын кезінде Кенестер одағының ағаш өңдеу, орман саласының кәсіподақтарының ауыспалы туына иеленген.
Жолдасбек Максутовичтің басшылығын, біліктілігін, еліміздің орман саласындағы басшылықтары ескере отырып Қарағанды облысының орман шаруашылығы басқармасының бас директоры лауазымына сенімін білдірді. Бұл қызметтеде ол кісі абыройлы, халық алдында беделдігімен танылды.
Баршамызға басшы, аға буын ақылшымыз бола білген, абыз ағамыздың алланың жазуымен, фәниден бақилыққа өтуіне байланысты артында қалған тұяғы Мақсұтов Берік Жолдасбекұлына, туған-туыстарына қайғыларымен ортақтасып, көңіл айтамыз.
Ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннәттә болсын.
Көніл айтушылар Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы.