Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мен ұлттық парктің құрылған күніне орай мерекелік шара өткізілді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы жоғары көрсеткіштері, кәсіби шеберлігі, сала алдына қойылған міндеттерді шешуге жеке үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен Айтбай Сейсенбайұлы Тұрсынбеков, Ануарбек Рымбекұлы Сейітов, Жанібек Өмірзақұлы Махмутов, Мейіржан Амангелдіұлы Елеуханов марапатталды.
Ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны, жаңа Қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін Қонысбек Айтбайұлы Дильдабеков, Қалықберген Нұрлан Қалықбергенұлы, Самат Думанұлы Бекжанов, Айдар Қуанышұлы Мағауия Қарқаралы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
III дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен Гүлбаршын Байсаровна Мусайнова, Жасұлан Қапиятұлы Жүндібаев марапатталды.
Көп жылдық адал еңбегі, Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы жемісті еңбегі, кәсіподақ қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін, және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай Құрмет грамотасымен Бейбіт Тельманұлы Жұмабаев марапатталды.
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 20 жылдығы қарсаңында Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың Сақталып, қорғалуына қосқан үлесі үшін Табиғат кешендері мен объектілерді қорғау, қалпына келтіру, табиғатты пайдалану бөлімі, Ғылым және мониторинг бөлімі, Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімі,Есеп бөлімі, Орман өртін сөндіру станциясы, «Тау» орманшылығы, «Қарқаралы» орманшылығы, «Кент» орманшылығы, «Бақты» орманшылығы марапатталды.
Ұлттық парк директоры – Құтпанбаев Ерлан Нұрғанатұлының Құрмет грамотасымен Капура Данияровна Башеева, Мусина Нүрзия, Калел Дарибаевич Дарибаев, Серик Кенжебалаевич Туганбаев, Бауыржан Серікбайұлы Тойшыбеков, Еренбай Асхатович Разаков, Саулет Балтабекович Аманбеков, Куанышбек Токенович Омаров, Жанар Есентаевна Сабекова, Кайрат Танирбергенович Игишев, Серік Мөлдір Жанатқызы, Айгерім Рымбековна Асетова, Игорь Александрович Кармилицын, Қанат Нұржан Қайыржанұлы, Ермек Каримович Айкобенов, Мейрам Юрьевич Абдыгалиев марапатталды.
Туған жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем әрі бай. Ұшы қиыры жоқ теңіздей шексіз дала, неше алуан шөп, қызыл жасыл шөп өрнектеп кілем жайғандай. Табиғаттың ғажайып көріністері адам жанын үйлесімділікке, жарасымдылыққа шақырып тұрғандай. Туған жеріміздің табиғатын аялап, гүлдендіру өз қолымызда. Сұлу табиғатымызды аялай білейік, табиғатты сүю парыз, сүю үшін қорғау - парыз.