Оразалин әулеті
Бір әке бір шешеден 10 ағайындымыз:8 ұл, 2 қыз.
Талды лесхозы ашылғаннан бастап Оразалин Жақан әкеміз 8 жыл зейнеткерлікке шыққанша лесник болып қызмет істеді. Әкем зейнеткерлікке шыққан соң Оразалин Дәуренбек інім лесник болып, қазіргі уақытқа дейін инспектор болып қызмет атқарады. Ал Дәуренбектің ұлыда инспектор болып қызмет атқарады.
Ал өзім 1980 жылдың 1 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін қызмет атқарып келемін. Орманшылықта алғаш жүргізуші, өрт сөндіру машинасының жүргізушісі, одан кейін мастер, орманшы көмекшісі, қазір орманшы қызметін атқарып келемін. Осы орманшылықта 2 ұлым қызмет атқарады. Үлкен ұлым Оразалин Ардақ өрт сөндіру машинасының жауынгері. Оразалин Сайран өрт сөндіру машинасының жүргізушісі болып істеп келеді. Осы уақытқа дейін әке-шешем іні-балаларымның барлық 125 жыл стаж болған екен. Қазір үш әулет осы орман қорғау саласында жұмыс атқаруда.
Орманымызды қорғап, ұрпақтан ұрпаққа табиғатымызды аялап сақтауға, қорғауға атсалысып келеміз.
Менің немеремде орманшы болам, атам сияқты дейді. Әр орманшының баласы әке жолын қуады ғой. Орманшылық жуапкершілігі көп, бірақ еңбек ақысы ең төмен сала. Соған қарамастан келер ұрпаққа аман сақтап, табиғатымыздың байлылығын мәпелеп, қорғау, келер ұрпаққа аманат етіп сақтау.