Махмутов әулеті
Бір әке бір шешеден 8 ағайынды: 5 ұл, 3 қыз.
01.04.1998 жылы туған Махмутов Өмірзақ Мұқатайұлы 1971 жылы Қарқаралы орман шаруашылығына орманшы болып жұмысқа тұрды. 1973 жылдан бастап бас орманшының көмекшісі ретінде қызметі ауысты, 1974 жылы бас орманшы болып ауысады. Денсаулығына байланысты 1981 жылы Кімасар шатқалында орманшы болып қызметі ауыстырылды, 1991 жылы қайтыс болды. Еңбек өтілі уақытында грамота, дипломдармен марапатталды. 1976 жылы Алтын кітапқа ерен еңбегі үшін есімі жазылды, қолына дәлел ретінде сертификат берілген.
Әке бастаған істі жалғастыру үшін үлкен ұлы Махмутов Жанибек Омирзакович 1986 жылдан бастап Кімасар шатқалында мемлекеттік инспектор – орманшы болып қызмет атқарып келеді, көптеген мадақтама, алгыс хатпен марапатталуда.
Қазіргі уақытта ұлдары Махмутов Канибек Омирзакович 2003 жылдан бастап, Махмутов Канатбек Омирзакович 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орманшы қызметінде жұмыс атқарып отыр.
Махмутов Талгат Омирзакович 2005 жылдан бастап орман мастері ретінде жұмыс жасап отыр.
Махмутов Айдарбек Омирзакович 2014-2016 жылдар аралығында мобильдік топтың мемлекеттік инспекторы ретінде жұмыс атқарды.
Махмутова Гулнар Омирзаковна 2012-2016 жылдар аралығында радиооператор ретінде жұмыс атқарды.
Махмутова Шынар Омирзаковна 2010-2017 жылдар аралығында Ғылым және мониторинг бөлімінің мониторинг жөніндегі бас маманы ретінде жұмыс атқарды.
Немересі Махмұт Шыңғыс Жәнібекұлы 2013 жылдан бастап орман мастері ретінде жұмыс жасап отыр.
Әке жолын жалғастырған ұрпақтары жасыл желек орманымызды болашақ ұрпаққа сол қалпына жеткізу үшін адал еңбек етіп, көптеген қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, ат салысуда.