Башеевтер әулеті
Қарқаралы өңірінің дамуының тарихи деректерінде, өнірдің ормандарының күзетілініп сақталуына, 1884 жылдың наурыз айының 1 күні Қарқаралы орманшылығы құрылған. Сол кезеңнен бастап, заманымыздың бүгінгі күніне дейін, оның сақталуына әулетіміздің қызмет жасап келе жатқаны, әулеттің бүгінгі ұрпақтарына мақтаныш пен мәртебе. Орман шаруашылығы саласындағы әулетіміздің бәйтерегі 1877 жылы туған Сағидолла Башеев, алланың жазуымен, фәниден бақилыққа өмірден озғанша 1951 жылға дейінгі кезеңде, саналы ғұмыры, адал еңбегімен орманның күзетіне бағытталған.
Халықтың даналығында, «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген, тон пішер» - деген нақыл сөз бар. Әкесінің ақ таяғын ұстаған, Сағидолла атамыздың баласы, абыз әкеміз, Башеев Сүлеймен, орманның күзетілініп, сақталуына ғұмырын арнап, тәңірдің қалауымен дүниеден өтті. Артында, тумысынан табиғат жанашырлары балалары мен немерелері қалып, орманның түленіп, ел игілігіне жаратылуына қызмет етуде. Әкеміз еңбек еткен, іргесі 1900 жылы көтерілген «Шоқпартас» кардоны, бүгінде, көненің көзіндей, сақталынып тұр. Шанырақтың ер балаларының үлкені, Башеев Орынбасар, ағам, Қарқаралы орман шаруашылығы кәсіпорында көп жылдар бойы «Шоқпартас» кардонында орманшы, кейіннен аңшылық танушы қызметінде еңбек етіп зейнеткерлікке шықты. Жеңгеміз, Бақытта орманның күзетілуіне қызмет етіп, бейнетінің зейнетін көруде.
Өзім, Башеев Серік Сулейменұлы, 1979 жылы, Қарқаралы орман шаруашылығына тракторшы жұмысына қабылданып, орман күзетшісінен, орман мастері лауазымына дейін жоғарылатылып, қазіргі таңда, орманның күзетінде, Ұлттық табиғи паркінде Еңбек етудемін. Отбасымның ер баласы, Асланның, осы мекемеде қызмет етіп, атқарушы биліктің саласында жемісті қызмет етіп жатқанына мақтан тұтамын. Ағам, Башеев Орынбасардың, балалары Ренат пен Марғұлан орман саласында қызмет етіп, бүгіндері, еңбекпен есеиіп, отбастарын құрып, қоғамымызға пайдалы салаларда еңбек етіп жатыр.
Әулетіміздің төрт ұрпақ, орман саласына 200 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар екенін ескерсек, табиғатымыздың сақталынып, ертеңгі ұрпаққа аманат етуге ат салыса беретіңіміздігіне сенімдіміз.