«Парктер шеруі – 2018 жыл» табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанаты
«Парктер шеруі – 2018 жыл» табиғатты қорғау акциясының шегінде «20 жыл 20 жазың 20 көктем, 20 жыл осы шақты аңсап өткем» ұранымен саябақтың жабылу рәсімінің салтанатты жиыныны өтті.
Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек. Сондықтан адам өзі өмір сүріп отырған табиғат үйіне қамқорлық жасауы тиіс. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Соның бірі – жыл сайын 22 наурыздан бастап 5 маусымға дейінгі кезеңде табиғат қорғау мекемелері «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясын өткізеді, аталған табиғат қорғау акциясын мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер өткізеді. Ал біздің Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2004 жылдан бері наурыз-маусым айлары аралығында осы акция жүргізіліп келеді.
Парктер шеруі –халықаралық табиғатты қорғау акциясы. Акцияның мақсаты – Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоғамдық дұрыс көз қарас қалыптастыру және көпшілікті жұмылдырып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеру, патриоттық сезімін ояту. Парктер шеруі акциясын өткізуге жыл сайын 50 мыңнан астам адам қатысады.
Парктер шеруі акциясының жабылу рәсімі Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Құтпанбаев Ерлан Нұрқанатұлының алғы сөзімен басталды.
Еліміздің орман байлықтарын сақтап және көбейтудегі Сіздің қосып келе жатқан өлшеусіз еңбектеріңізге алғысымызды айтамыз.
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 20 жылдығы аясында өткен, «Парктер шеруі -2018» табиғатты қорғау акциясына көмек көрсеткең үшін аудан әкімшілігінің ұжымы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, жастар ресурстық орталығы, Мыңжасар Әдікенов атындағы ауылшаруашылық колледжі марапатталды.
Туған жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем әрі бай. Ұшы қиыры жоқ теңіздей шексіз дала, неше алуан шөп, қызыл жасыл шөп өрнектеп кілем жайғандай. Табиғаттың ғажайып көріністері адам жанын үйлесімділікке, жарасымдылыққа шақырып тұрғандай. Туған жеріміздің табиғатын аялап, гүлдендіру өз қолымызда. Сұлу табиғатымызды аялай білейік, табиғатты сүю парыз, сүю үшін қорғау - парыз.
Халқымыздың даналығы «Жұмыла көтерген – жүк жеңіл, бір жағадан - бас, бір жеңнен – қол» демекші, Парктер шеруі акциясына ат салысқандарыңыз үшін оқушыларға, студенттерге, қызметкерлерге, тұрғындарға алғысымыз шексіз.