Әріптестер арасында іскерлік тәжіриебе алмасу – мекеменің жоспарлы жұмыстарының ілгері алға басуына маңыздылығы зор.

2018 жылы Қарқаралы мемлекеттік паркінің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Жүзеге асырылынған жұмыстар жетерлік, бірақ та, атқарылуы тиіс жұмыстар одан да көп.

Алдағы уақытқа жоспарланған шараларды ойдағыдай жүзеге асыру мақсатымен ҚР ЕҚТА МҰТП жүесіндегі әріптестер арасында тәжірибе алмасу көзделіп 16.04 – 20.04.18 ж. кезеңі аралығында Іле-Алатау МҰТП мекемесіне құрылымдық бөлімдерінің мамандарымен іс-сапарда болдық.

Тәжірибе алмасу барысында Іле-Алатау ұлттық паркінің ғылым және мониторинг, туризм, рекреация және экологиялық ағарту, табиғат кешендерің күзетіп қорғау және тағы басқа бағыттарда жасалынып жатқан жұмыстарымен танысып тәжірибе алмастық. Біздің мекеменің құрылымдық бөлінісінен өзгешелігімен таныстық.

Іле-Алатау 4 филиалдардан құралған. Табиғатының көркем сұлу жерлері Аюлы сарқырамасы, Есік көлі, Елбасының туған жері Үшқоңыр, Шымбұлақ таушанғысының кешені, Қаскелен шатқалы және тб. Іскерлік іс-сапардан алған әсеріміз мол, сонымен қатар Іле-Алатау ұлттық паркіндегі табиғатты қорғауға, туризм мен рекреацияның дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асырылуда қолданыстағы озық тәжірибелерін Қарқаралы ұлттық паркінде қолданамыз деген оймен іс-сапарды аяқтадық.

Іле-Алатау МҰТП бас директоры Д.Н. Малгелдиевке және парк ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Фото