«Құстар - біздің досымыз»

Биылғы жылдың көктемі бұрыңғы жылдармен салыстырғанда ерекше, «Қыс қабағын жібітпей тұрсада, жаратылыстың күн парағымен өңірімізге әз наурыз келді». Өзімен қоса көктемнің жаршысы Қара құстыда ала келді.

Наурыздың қасиетті осы айларында саябақ дәстүрі бойынша табиғаттың қамқорлығына бір қатар іс-шараларында жүзеге асырады. Құстар орманның сәні мен әні. Сақшысыда десек артық айтқан болмас еді.

Оларға деген қамқорлық адамдардың парызы. Осы ниетті жүзеге асыру барысында құстарға ұя дайындалды. Осындай игі шараларға жасөспірімдерді тарту мақсатында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында құстар дүниесі туралы дәріс оқылды.

Құстар дүниесінен алынған мағлұматтарын іс жүзінде бекіту мақсатымен орманның алаңқайларындағы ағаштарға оқушылардың қолымен ұялар мен азықтандыру құрылғылары ілінді. Акция «20 жыл 20 жазың 20 көктем, 20 жыл осы шақты аңсап өткем» ұранымен өткізілді.

Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің бастығы: Қ.Жариков

орынд. Серік М.Ж.

тел.872146(32852)