Қоршаған орта
Орман – адамның бойына қуат, көніліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Оны көздің қарашығындай сақтап, аялап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз баршамыздың ортақ парызымыз.
Орман – адамның бойына қуат, көніліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Оны көздің қарашығындай сақтап, аялап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз баршамыздың ортақ парызымыз.
Жыл аяғының кезеңіне, табиғат сақшылары – Қарқаралы МҰТП-нің мемлекеттік инспекторлары, 2017 жылдың жаңа жыл алдыңдағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын қорғауды күшейтілген режимінде атқарады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінін бұйрығын қолымызға ала отырып, Бұйрықта көрсетілген қажетті шараларды іске асыру бағытында, ағымды жылдың желтоқсан айының 1 жұлдызының бастап, кешкілік және түнгілік уақыттарда мекеменің инспекторлары өздерінің орман қарау айналымдарын күзетеді, күзет бөлімінің қызметкерлерінен және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ұтқыр топтар құрылды, орманға баратын негізгі жолдарда бақылап өткіздіру бекеттерде кезекшіліктер ұйымдастырылып, орман қорында ағашты заңсыз кесуден қорғау бойынша жұмыстар қолға алынды. ҚР орман заңнамаларының талаптарын бұзушылықтың алдын алу мақсатымен, Ескертуді жөн санадық: ҚР Қылмыстық кодексінін Ағаштар мен бұталарды зансыз кесу, жою немесе зақымдау 340 бабына сәйкес: ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жөю немесе зақымдау – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 500 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 300 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 90 тәулікке дейінге мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Туған жеріміз Қарқаралы – танғажайып өлке – біз үшін мақтанышымыз! Атамекеніміздің қайталанбас көркем табиғатын сақтап, келер ұрпаққа мұраға қалдыруға баршамыз атсалысайық.
Табиғат аясында қандай да бір, табиғатты қорғау заңнамаларының бұзылу оқиғалары байқалса, Ұлттық парктің 31214, 31957 телефондарына, немесе орман күзетіндегі мемлекеттік инспекторларына хабарлауларыңыз сұралады.