Салауатты өмір- салтының салтанаты
Салауатты өмір салтын қалыптастыру,ел болашағының негізі!
" Қазақстан-2050" Стратегиясы
Салауатты өмір- салтының салтанаты
Жылда күз айының орташенінде дәстурлі орманшы күні аталанып өтеді .Осы күні орманшылар табиғатты қорғаудағы жыл бойы жасаған жұмыстарын қорытындылайды.Еңсерілген еңбекке сіңірген еңбектері аталанып өтеді.Осының бәрі бағдарламалық іс-шараларының шегінде өткізілінеді.
Биылда солай.Ерекшелігі,ағымдағы жылдың орманшы күні салауатты өмір салтың дәріптеуге бағытталған спартакиада жарыстарымен өткізілінді.Алдынала құрылған бағдарламаға сәйкес, бұл шараларға Қарқаралы Ұлттық паркінің әріптестері: Бұйратау,Бурабай,Баянауыл ұлттық парктерінің мемлекеттік инспекторлары шақырылды.
Спартакиаданың өте мәнді және тартысты өтуіне сол күнгі ашық аспан,жадыраған күн әсерін тигізді.
Спартакиаданың ашылуы рәсімін кіріспе сөзімен ҚМҰТП директорының орынбасары И.Винтоняк ашып,кезекті құттықтау сөзді Ұлттық паркінің директорына Е.Құтпанбаевқа ұсынды.Еліміздің көк байрағы көтеріліп,Республиканың әнұраны орындалды.
Инспекторлар арасындағы жарыстары спорттық арқан тарту,футбол,шахмат,теннис және волейбол түрлерінен өтті.
Спорттық сайыстар мәресіне жетіп,жүлделілер анықталды.
Футболдан бірінші орын Бұйратау ұлттық паркі иеленіп,екінші орынды Бурабай ұлттық паркі иеленді.Волейболдан бірінші орын иеленген Баянауыл ұлттық паркі,екінші орынға Бұйратау ұлттық паркі иеленді.Шахматтаң Баянауыл ұлттық паркі озық шығып,екінші орынға Қарқаралы командасы иеленді.Теннис ойыны тартысты өтіп,бірінші орынды Баянауыл ұлттық паркі алып,екінші орынға Қарқаралы ұлттық паркі иеленді.Арқан тартудан Қарқаралы ұлттық паркінің командасы жүлделі бірінші орынға ие болды.
Спартакиада ойындарында женілгендермен, женгендер жоқ, салауатты өмір салты ұтты деп есептейміз.
Ұйымшылдықпен өткен спартакиада қатысушылары бір бірімен әріптес ретінде тығыз танысып,осы спартакиадалар дәстүрге айналып,жалғасын таба береді деп тарқасты.
Қарқаралы Ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі спартакиада сайыстарына төрешілік жасап,ұйымшылдықпен өткізілуіне атсалысқандары үшін төрешілер алқасына БЖО өкілдеріне, Бейсенбаев Б.,Амирханова А,Ахметов Б. шынайы алғыстарын білдіреді.№2 орыс орта мектебінің директорының міндетің атқарушы Д.Ералинге жарыстарды үйымдастыру шараларына атсалысқаны үшін алғысын білдіреді.