Қазақстан Республикасының ЕҚТА туралы заңына сәйкес, Қарқаралы МҰТП-нің, күзет режимі және функционалдық аймақтары бөлінісінде,шектеулі шаруашылық қызмет аймағының жалпы алаңы - 44867 гектар немесе, Ұлттық парктің жалпы аумағына шаққандағы үлесі- 40 пайы
Қазақстан Республикасының ЕҚТА туралы заңына сәйкес, Қарқаралы МҰТП-нің, күзет режимі және функционалдық аймақтары бөлінісінде,шектеулі шаруашылық қызмет аймағының жалпы алаңы - 44867 гектар немесе, Ұлттық парктің жалпы аумағына шаққандағы үлесі- 40 пайызын құрайды. Осы алаңдарда ҚР ережелерін басшылыққа ала отырып жергілікті тұргындардың өтініштеріне сәйкес жанама орман пайдалану шаралары жүргізілінуде. Жанама орман пайдаланудың сұранысы көп түрі шөп шабу.
Уәкілетті органмен бекітілінген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесіне сәйкес,шөп шабуға болатын мемлекеттік орман қоры учаскелері ҚР заңнамасымен белгіленген тәрттіпен орман орналастыру жобаларына және ЕҚТА басқару жоспарына сәйкес,Ұлттық парк мекемесі анықтап қазіргі таңда, парк аумағындағы шөп шабу шабындығының жері 2401 гектарды құрап отыр.
Қазіргі уақытта қала тұргындарымен шөп шабу науқаны жүргізілініп жатыр. Ұлттық парк әкімшілігі ережеге сүйене отырып, 12 шілде 2017 жыл №76н/б бұйрығын шығарып,орман пайдаланушылардың өтініштерімен ақылы негізіде шөп шабу жұмыстарын реттелмелі тәртіпте жүргізуде.
Орман пайдаланушыларға қойылатын басты талап өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.Мемлекеттік инспекторларымен орман қарау аймақтарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталынуы қатаң бақлауларына алынған.Орман қорына жер учаскелері жапсарлас орналасқан шаруашылық құрылымдарына ескерту қағаздары беріліп,орындалысы инспекторлармен бақылануда.