Парктер шеруін ашық деп жариялаймыз!
31 наурыз күні, Қарқаралы МҰТП, Қарқаралы аудан әкімдігі және Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Парктер шеруі - 2025” халықаралық табиғат қорғау акциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара мектеп оқушылары, студенттер және ұлттық парк қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты шеруден бастау алды. Жалғасы “Ту тұғыры” алаңында салтанатты конценттік бағдарламамен жалғасын тапты. Іс-шара барысында билер шырқалып, әндер айтылып, сонымен қатар Аудпн әкімі және ұлттық парк тарапынан “Алғыс хаттар” табысталды! Акция аяқталысымен, Қарқаралы МҰТП аумағында орналасқан бұлақтын көзін ашу мақсатында “Мөлдір бұлақ” экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Нәтижесінде аумақ қоқыстан тазартылып, бұлақ көзі ашылды.
Аталмыш акцияға қатысушы және ұйымдамтырушыларға алғыс білдіреміз!
Табиғат қорғау саласындағы жетістіктеріміз көп болсын!