ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: ЕҚТА аумағында ішкі режимді сақтау

“Қарқаралы МҰТП” РММ туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, Қарқаралы ТЖ бөлімі және Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мамандарының қатысуымен “ЕҚТА аумағында ішкі режимді сақтау және туристік-рекреациялық қызметті жүзеге асыру” тақырыбында, Қарқаралы МҰТП аумағындағы жер учаскелерін пайдаланушылармен “дөңгелек үстел” өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында жер пайдаланушылар тарапынан бірқатар проблемалық мәселелер қаралды. Сонымен қатар, маусым айларында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, ЕҚТА аумағында заң бұзушылықтарды болдырмау сынды өзекті мәсеселер талқыланды.

@krg_ohotinspekcia
Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімі