ҚАР ҚАБАТЫН ӨЛШЕУ

Бақты орманшылығы, Мейрамбай қыстақ аумағы, 5 айналым.

Ғылым және мониторинг бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Қарқаралы МҰТП» аумағында қар қабатын бақылау, өлшеу жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс барысы, қар қабатының сипатын, биіктігін және түскен қардың қалыңдығын анықтаудан тұрады. Бақылау қар қабаты пайда болған сәттен бастап, қар толық еріп кететін сәтке дейін жүргізіледі. Қар қабатының биіктігін күн сайын бақылап отыру үшін арнайы өлшеуіш құралдар қолданылады.

Қар қабатын өлшеу жұмыстары бүгінгі күні Бахты орманшылығының инспекторлық аумақтарында жүргізілінді.

Ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы - С.Омаров, Аға ғылыми қызметкер - Б.Хамитов

@qazaqormany
@krg_ohotinspekcia