Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!

Ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өмірдің жаңа бастамасы іспетті жаңа жыл мерекесі құтты болсын.

Сіздерді жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа 2025 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыстарға мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспіз!

Ізгі ниетпен: Қарқаралы МҰТП директорының м.а. А.Жумашев және Қарқаралы МҰТП ұжымы!