ӨРТ ҚАУІПТІ МАУСЫМНЫҢ ЖАБЫЛУЫ
2024 жылғы 4 қарашадан бастап, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ұлттық паркінде өрт қаупі маусымы ресми түрде аяқталды. Осы маусымда ұлттық парк аумағында жалпы ауданы 0,186 га болатын 7 орман өрті тіркелді, бұл аумақтың барлығы орманмен көмкерілген. Өрттердің негізгі себебі – найзағай. Сонымен қатар, “Казавиаорманқорғау” мекемесімен бірлесе отырып ұлттық парк аумағын әуеден бақылау рейдттік жұмыстары белсенді жүргізілді.
Орман - Қазақстанның табиғи байлығы, оны қорғап, сақтау әрқайсымыздың міндетіміз!