«Саябақтар шеруі- 2017» табиғатты қорғау акциясының ашылу рәсімі жасалды
21.04.2017ж күні «Саябақтар шеруі-2017» табиғатты қорғау акциясының ашылу рәсімі
21.04.2017ж күні «Саябақтар шеруі-2017» табиғатты қорғау акциясының ашылу рәсімі ҚМҰТП директоры Е.Н. Кутпанбаевтың, Қарқаралы қаласының әкімінің орынбасары Е.Аманбаевтың, ҚМҰТП қоғамдық кеңес төрайымы З.Мырсамыкованың, Жастар орталығының маманы Қ.Дүйсенбаевтың, сонымен қатар ҚМҰТП директорының орынбасарлары И.Винтоняк пен А.Жумашевтың, ұлттық парк қызметкерлері мен мектеп орманшылықтарының қатысуымен өткізілді. Акция барысында арнайы қала, аудан халқына үндеу ретінде басып шығарылған парақшалар қатысушыларға таратылды. Акция соңында қатысушылар екі топқа бөлінді:
Бірінші топ «Бұлақ көрсең көзін аш» тазалық іс-шарасына қатысса, екінші топ «Жас тәртіп сақшылары» Ұлттық парк директоры Е.Кутпанбаевпен кездесуге жиналды.
Акция барысында «Бұлақ көрсең көзін аш» тазалық іс-шарасы қамтылды. Тау орманшылығының № 60 кварталдың, 23 телімінде М.Әдікенов атындағы ауылшаруашылық колледжінің студенттерінің қатысуымен бұлақтың көзі ашылып, арнасы қоқыстан аршылды. Бұлақ басында студенттерге осы атқарылған іс-шараның маңыздылығы түсіндірілді.
Қарқаралы ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас тәртіп сақшыларымен » Ұлттық парк директоры Е.Кутпанбаевпен Клуб ғимаратында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Саябақтар шеруі» акциясы туралы сұрақтар қойылып, тәртіп сақшыларын толғандырған сұрақтарға жауап берілді. Саябақтар шеруінің жалпы маңыздылығы түсіндірілді.