“ЕҢБЕК КҮНІ” МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл күні Қазақстанды дамыту жолында ерен еңбек еткен, оны жаңа жетістіктерге жетелеген мамандарға құрмет көрсетіледі. Мерекеге орай көпжылдық адал еңбегі және кәсіби біліктілігі үшін Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мекемесінің Заңгер маманы - Асилов Нурлан Толешович алғыс хатпен марапатталды.

Баршаңызға мереке құтты болсын! Толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!