60 ЖАС - МЕРЕЙТОЙ

Жаны жайсаң азаматымызды 60 жасқа келген күнімен құттықтаймыз!

60 жас – адамның кемеліне келіп, алдыңғы толқын ағаларының ізін басып, кейінгі толқын інілері құрмет көрсетіп, ілтипат танытатын, ұл-қыз өсіріп, немере сүйіп, өрісі кеңейіп, өркені өскен беделді кезеңі. Осындай мерейлі жасқа келген Асхат ағамызға тірлікте тұғырыңыздан таймай, әлі де талай асуларды табандылықпен алып, келер қиындықтарды қажырлықпен жеңіп, алға қойған мұраттарыңызға сүрінбей жете беріңіз демекпіз! Асыл жарыңыздың, ұл-қыздарыңыздың қызығын молынан көріңіз, алып мәуелі бәйтеректей жапырақ жайып, өркендей беруіңізге тілектеспіз!

ІЗГІ ТІЛЕКПЕН: ҚАРҚАРАЛЫ МҰТП ҰЖЫМЫ, БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ