Жемқорлық індет, жою міндет!

Жемқорлықпен қүресу Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтардың қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп – қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайлардың белгілейді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субьектілеріне лауазымды және мемлекеттік міндет атқаруға уәкілетті өзге де адамдарды немесе оларға теңестірілген адамдарды сатып алуды жүзеге асырушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке және заңды тұлғалар да жатады.

Осы Заң Қазақстан Республикасының күллі аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы Заң ҚР тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше қөзделмесе, Қазақстан Республиқасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды түлғаларға қатысты қолданылады.
Заң кеңесшісі: Нұрлан Асилов