ЖОҒАРҒЫ ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢ!
Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен аумаққа таралып кетеді. Ауа райының ыстық кездерінде, егер жауын-шашын болмаса, ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін.
Орман өрттерінің алдын алу үшін мақсатында қарапайым ережелерді САҚТАҢЫЗДАР:
- орманға демалуға барар кезде арнайы рұқсат қағаз алып, арнайы демалатын орындарға бару керек;
- демалған орынды жинап, от ошағына су құйып немесе топырақпен көміп сөндіру қажет.
- Әйнек, қағаз қалдықтарын тастауға болмайды;
- агрегаттар мен көліктер өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен қамтылуы керек. Олар: күрек, сыпырғыш, өрт сөндіргіш, т.б.
Орман өрті – үлкен апат. Ол орманға ғана емес, қоршаған ортаға да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан қала тұрғындарын, қонақтар мен демалушыларды Табиғат ана сыйлаған асыл мұра – орманымызды сақтауға шақырамыз!
Орман өрттері анықталған жағдайда төмендегі байланыс номерлері арқылы хабарлауға болады:
8 (721-46) 31-9-57
8 (721-46) 31-2-14
Немесе 101