ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР

Ардақ Сағынбаев 1978 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазір 4 баланың әкесі.«Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кент орманшылығында мемлекеттік инспектор болып жұмыс істейді.

Ардақ Сағынбаев 1978 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазір 4 баланың әкесі.«Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кент орманшылығында мемлекеттік инспектор болып жұмыс істейді.
“Орман шаруашылығы саласында әкем жұмыс істеген. Қазір әкеміздің жолын қуып, мен және екі ағам еңбек етіп келеміз. Кішкентаймыздан осы өзіміздің Кент орманшылығында өсіп-өндік. Тау-тасты аралап, өстік, - дейді инспектор”.

Ардақ Сағынбаев табиғатты қорғаушы ретінде еңбек етуді 2012 жылдары бастаған. Қарағандыда білім алдым, алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру мамандығы бойынша білімім бар. Оқуды бітіргеннен соң, ауылыма оралып, жұмысқа орналастым. Кейін Көкшетауға жоғары оқу орнына түсіп, орман шаруашылығы бойынша оқыдым. Қазір осы салада жұмыс істеп жүргеніме 11 жылдай уақыт болып қалды, - дейді Ардақ Сағынбаев.

Ардақ Сағынбаев мемлекеттік инспекторлардың негізгі атқаратын міндетін түсіндіріп өтті.
Біздің міндетіміз – орманды аман-есен сақтап қалу, толықтыру, аң-құсын санап, оларды күзетіп, осы байлықты келешек ұрпаққа қалдыру. Яғни ата-бабамыздан қалған табиғатымызды сақтау, көбейту міндеті біздің және баршамыздың мойнымызда. Осы міндетті орындау үшін далада жүріп, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындауға тырысамыз - Мемлекеттік инспектор.

Жұмыс уақытым таңғы сағат 9-да басталады. Таңғы жиналыста басшыларымыз тапсырмаларын береді. Инспекторлар жиналыстан соң орманды бақылауды бастайды. Өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Мысалы, күннің ыстығынан, найзағай ойнағаннан өрт болуы мүмкін. Сөйтіп өрттің қайдан шығуы мүмкін екенін бақылаймыз. Қазір құрғақшылық кезеңі. Жылда өрт болады. Кейінгі 5 жылда жер құрғап кетті. Жауын аз түседі. Биыл да аптап ыстық, - дейді ол күн райы туралы.