ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 35 жыл
Туғанбаев Серік Кенжебалаұлы
27 маусым 1965 жылы орманшы отбасында дүниеге келген. Әкесі Туғанбаев Кенжебала өмір бойы орман шаруашылығында қызмет етіп, осы жерден зейнеттік жасқа шыққан. Туғанбаев Серік әкесінің еңбек жолын жалғастырып, 1988 жылдың желтоқсан айының 6-шы жұлдызында Механикаландырылған орман шаруашылығындағы Қарқаралы орманшылығында орманшы болып қызметке тұрды. Сол уақыттан бері әлі күнге дейін Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, “Қарқаралы” орманшылығында мемлекеттік инспектор қызметінде абыройлы қызмет атқаруда. Отбасылы, 4 баланың әкесі. Жұмысқа тиянақты, жауапты, өз ісінің маманы.
2011-2014 жылдар аралығында Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінде Орман шаруашылығы, бақша-саябақтық және ландшаф құрылысы мамандығы, орманшы біліктілігі бойынша оқып бітірген.
2014 жылы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Б.Азбаевтың Орман шаруашылығы саласындағы жемісті еңбегі үшін "Құрмет" грамотасымен марапатталған.
2015 жылы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Қ.Үстеміровтың Орман шаруашалылығы саласындағы жемісиі еңбегі үшін және 50 жасқа толуына байланысты "Алғыс хатымен" марапатталған.
”Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі”- дейді Серік Кенжебалаұлы. Орманшылар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еңбегіңізге жеміс, табыс, береке тілейміз! Денсаулығыңыз мықты болсын, бала - шаға, отбасыңыз аман болсын! Талай жылдар бойы Орманымыздың көркеюіне қосып келе жатқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз! Сіздей мамандар болашақ ұрпаққа үлгі!