МЕНІҢ ЭКО ҮЙІМ

"Парктер шеруі-2023" табиғат қорғау акциясының аясында туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімі,ғылым және мониторинг бөлімі мамандарымен және Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы 44 ЖББ тірек мектеп жанындағы интернаты КММ - нің ұйымдастыруымен "Менің Эко үйім" акциясы өткізілді. Акция барысында қатысушы оқушының дайындаған бейне-жазбасы көрсетілді. Аталған акция қатысушысы Томар ауылы ЖББ 22 мектеп КММ-нің 10-шы сынып оқушысы Серғазы Гүлназар, жетекшісі Кенжегалиева Ж.С.

Акцияның негізгі мақсаты - жоба арқылы энергия көздерін үнемдеу, үй техникаларын тиімді пайдалану, экологиялық таза, шығынды азайту жолында үйлер салу.