Мектеп орманшылығы

Қарқаралы МҰТП республикалық мемлекеттік мекемесі және Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы 44 ЖББ тірек мектеп жанындағы интернаты КММ - нің ұйымдастырумен "Мектеп орманшылығы" тобының оқушыларына дәріс, экскурсия жүргізілінді.

Іс-шара бастамасы табиғи кешендерді қорғау, күзету және туризм, рекреация, экологиялық ағарту бөлімі мамандары орман өттері, оларды болдырмау жолдары, орманда қатаң сақталыну керек, жүріп-тұру ережелері бойынша дәріс жүргізді. Дәріс барысында окушыларға үнпарақтар мен жолсілтемелер таратылды. Дәріс жалғасы Ұлттық парк мекемесінің "Қолөнер шеберханасында" жалғасты.

Шеберхана маманы, ағаштан жасалынатын тостаған, ожау, тәрізді бұйымдарды жасау, дайындау жолын көрсетті. Бұйымның ағаштан дайындалу әдісінен оның боялып, кепкен кезеңіне дейінгі жұмыстар таныстырылды. Аталмыш шара алдағы уақытта орман өрт сөндіру станциясында өткізілінетін болады.