ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ, БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАНАЙЫҚ

Қарқаралы МҰТП және Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ЖББ тірек мектеп жанындағы интернаты КММ - нің ұйымдастырумен, Парктер шеруі табиғатты қорғау акциясының аясында "Табиғатты аялайық, болашақты ойланайық" атты экологиялык акциясы өткізілді.

Акцияның басты мақсаты - мектеп оқушыларының ғаламның өзекті экологиялық мәселелеріне деген көзқарасын арттыру. Акция барысында оқушылар осы экологиялық мәселелерді шешу, қоршаған ортаны сақтап қалудың жолдарын сурет салу, пластмасса, қағаз т.б заттар арқылы олардан пайдалы заттар істеп, таныстырып түсіндірді. Сонымен қатар дәл осы тақырыпта оқушылар өздері түсіріп, дайындаған бейне-жазбаларын көрсетті.

Акция соңы мектеп оқушыларының "Экотеатр" сахналық көрініс көрсетуімен ерекшеленді. Әрбір оқушының бүгінгі экологиялық акцияға бар зеңін салып, жоғарғы деңгейде дайындалғандары байқалады.