ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - АУДАНДЫ ДАМЫТУ

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен келген жұмыс тобының ұсыныстарына сәйкес, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи парктің туризм және инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына енгізілген жаңа жер учаскілерінің тиімділігін қарап, азайту тапсырылған. Осы жұмыстардың барысымен танысу, жалпы туризм саласын дамыту жолдарын қарастыру мақсатында аудан әкімі Е.Б.Құсайын Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі басшылығымен кездесіп, есептерін тыңдады.