Жан-жануарларға қамқор болайық!

Қарқаралы МҰТП-ның орманшылықтарында биотехникалық жұмыс жоспары шегінде жабайы жануарларды қысқы қосымша азықтандыру жұмыстары қарқынды жалғасуда. «Тау» орманшылығы аумағында мекендейтін жабайы жануарларды қосымша азықтандыру алаңдарында орналасқан кормушкаларға шөп салынып, бұталы азықтар ілінді. Қосымша, минералды тұзбен қамтамасыз ету мақсатында астаушаларға тұз салынды. Аталған жұмыстар ұлттық парктің жоспарына сәйкес әр орманшылықта уақытымен жүргізілініп, қадағаланып отырады. Жан-жануарларға қамқор болайық!

баспасөз хатшысы