Құрмет грамоталармен марапатталды
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Қарқаралы МҰТП РММ -де салтанатты жиын өтті, жиын барысында мекеме басшысының ғылым жөніндегі орынбасары И.М.Винтоняк әріптестерді құттықтап, орман шаруашылығы саласында еңбегімен, біліктілігімен көзге түскен бірқатар қызметкерлерді Қазақстан кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, атқарып жаткан еңбектеріңіз жемісті болсын, отбасыларыңызға амандық толағай табыс, жаңа шыңдар мен жетер жетістіктеріңіз көп болсын дегіміз келеді!