Халқымызда «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» деген даналық сөз бар.
Орман – біздің баға жетпес байлығымыз, халқымыздың ен дәулеті. Оны аялап қорғау адам баласының ең үлкен міндеті болып табылады. Ал сол орманды қорғау саласында жұмыс атқарып отырған, Қасиетті Қарқаралы өңірінің табиғатын, орманын, тауларын қорғау саласында жылдар бойы еңбек атқарып келе жатқан жұмыскерлердің еңбегі, қосар үлесі зор.
16 қазан - Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мейрамына орай Қарқаралы МҰТП басшылығыәріптестерді құттықтап, жұмыстарына табыс, шығармашылық жетістіктер, отбасына зор денсаулық тілей отырып, марапаттар ұсынды????
Марапатты болған әріптестердіқұттықтаймыз! Еңбектеріңіз елене берсін!