Құрметті Досжан Каныбекович!

60 жасқа толған мерейлі тойыңызбен құттықтай отырып, жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз! Орман шаруашылығы саласында жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз! Әріптестеріңізге, жас буынға осы бір саланың қыр-сырын үйретуден жалыққан емессіз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой -беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ болсын деген ізгі ниетпен, бақыттың баяндысын, дәулет-ырыстың сыр суындай сарқылмасын, табыс-тартулардың тау суындай таусылмасын тілейміз! Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

Құрметпен, Қарқаралы МҰТП ұжымы