Кітап көрмесі – көңіл көкжиегі
Кітап – рухани азық. Ол жан тыныштығының, көңіл байлғының алтын кілті. Аталған ұстанымды ұстана отыра, «Қарқаралы МҰТП» туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімі және «Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ЖББ мектебі бірлесе отырып, 6-11 сынып оқушылары арасында кітап көрмесі өткізілінді.
Көрменің басты мақсаты – оқырманның әдебиет мұрасын дамыту, кітап ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры екенін түсіндіру. Кітап көрмесі белгілі бір мақсатта арнайы іріктеліп, жүйеленіп оқырмандардың оқып танысуы үшін іс-шаралардың көрнектілігін насихаттау болып табылады.
Бағдарлама №44 ЖББ мектеп ұстаздарының көрмеге іріктелінген шығаршашылық кітаптардың мазмұнын қысқаша таныстырумен бастау алды.
Оқушылар өз кезегінде белгілі ақын, жазушылардың өлең-шұмақтарын мәнерлеп оқыды. Бағдарлама аясында оқушылар жаңа біліммен, жаңа шығармашылықпен сусындап, зияткерлік қабілеттерін арттыра түсті.