11- желтоқсан Халықаралық Таулар күні!

Қарқаралы таулары - тарих пен бірегей табиғаттың сақтаушысы!

Таулар - өсімдіктер мен жануарлардың көптеген ерекше түрлерінің қорығы, жердің барлық негізгі өзендерінің, сулардың көзі болып табылады. Әр ауылдың, елді мекеннің сол жердегі салыстырмалы биіктігіне қарай өз тауы, төбесі, белесі болады.

Тарихы: Таулар күні алғаш рет 2003 жылы, БҰҰ Бас Ассамблеяның шешімімен құрылды. Басты мақсаты - әлемнің табиғи байлығын сақтау, таулы аймақтардың проблемаларын, маңыздылығы мәселелерін арттыру.

Таулар "саяхат" пен "таңдану" үшін ғана емес, адам өмірі, жан-жануарлар мен барша тіршілік көзі үшін маңызды және оны сақтау, қорғау әрқайсымыздың парызымыз!