ЕҢБЕҢ АДАМЫ.

Сейтов Ануарбек Рымбекұлы, 1966 жылы 5 ақпанда Қарқаралы қаласында “Тас бұлақ” кордонында дүние есігін ашты.

1973 жылы №5 мектеп-интернатына 1 сыныптан 6 сыныпқа дейін ілім алды. Одан кейін №1 қазақ орта мектебінде 6 сыныптан 10 сыныпқа дейін білім алып, 1983 жылы мектеп бітірді. 1983 жылы Қарқаралы қаласының “Техникумы”, “Мал-дәрігерлік және зоотехникалық” факультетіне оқуға түсті. 1984-1986 жылдары “Архангельск” қаласында әскери борышымды өтеп келді.

1986 жылы жоғарыда айтылған оқуды жалғастыпып, 1988 жылы оқуды аяқтағаннан кейін, “Техникум” оқу орнында практикант-машықтанушы ретінде қызмет атқарды. Осы жылдың аяғынан, 1991 жылдың қараша айына дейін “Тас бұлақ” демалыс орнында “слесарь” қызметін атқара жүріп, қосымша Қарағанды облысының “Охотинспекция”-сында “егерь-инспектор” лауазымында қызмет атқарды. 1991 жылдың қараша айынан бастап, Қарқаралы “Лесхоз” ескі атауы, қазіргі “Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің” вольердағы жабайы жануарларды күтіп бағушысы болып, егерьлық қызметте болды. 1993 жылдан бастап, осы мекемеде “лесник-егерь, мемлекеттік инспектор” болып қызмет атқарады.