1 - сәуір Халықаралық құстарды қорғау күні жасалған акция

31.03.2017 жылы ҚМҰТП «Клуб» ғимаратында және ағаш өңдеу цехында ҚМҰТП директоры- Е.Кутпанбаев, директордың ғылым жөніндегі орынбасары- И.Винтоняк, ҚМҰТП қызметкерлері, Қарқаралы қаласы Балалар және жас өспірімдер орталығының «Жас натуралист» және «Жерұйық» экология үйірмесі, Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің мамандарының, М.Әдікенов атындағы колледжінің студенттерінің қатысуымен «Құстар күні» аталып өтті.

31.03.2017 жылыҚМҰТП «Клуб» ғимаратында және ағаш өңдеу цехында ҚМҰТП директоры- Е.Кутпанбаев, директордың ғылым жөніндегі орынбасары- И.Винтоняк, ҚМҰТП қызметкерлері, Қарқаралы қаласы Балалар және жас өспірімдер орталығының «Жас натуралист» және «Жерұйық» экология үйірмесі,Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің мамандарының, М.Әдікенов атындағы колледжінің студенттерінің қатысуымен «Құстар күні» аталып өтті.

Балаларды «Клуб» ғимаратына жинап, Қарқаралы МҰТП-де мекендейтін Құстар туралы «Слайд шоу» көрсетілді, әр құс туралы қысқаша мәлімет беріліп, оқушылар тақырыпқа байланысты ребус пен сөзжұмбақ шешті. Ағаш өңдеу цехына оқушыларды апарып, Құстарға арналған «Құс ұяларын»балалардың өз қолымен жасатып көрсеттік. Жасалған Құс ұяларын (6 дана) оқушылармен бірлесіп орнаттық; Ұяны орнату барысында Ұя жасау арқылы құстарға қамқорлық жасағанымызды, оның пайдасын оқушыларға айтып, түсіндірдік;

Қосымша:Жергілікті БАҚ-на мақала материалы дайындалуда.