Жеке тұлғаларға ЕҚТА-ға бару ережелері

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстаның Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) бірі болып табылады. Оған кез келген адам бара алады, бірақ сонымен бірге бірқатар қарапайым және маңызды ережелерді сақтау керек.

Бүгін біз олардың ең бастысылары туралы айтып шығамыз.
Осылайша, келушілер (жеке тұлғалар) келесі талаптарды орындау міндетті:

- ЕҚТА-да болу үшін төлеу. Төлем құжатын алғаннан кейін оны сапар бойы өзімен бірге сақтау;
- жалпы жұрт пайдаланатын жолдармен қана жүру;
- көлік құралдарын тек арнайы бөлінген жерге қою;
- тазалық сақтау, тауларда сурет салмау, ағаштарды сындырмау, ЕҚТА-дағы стенддермен басқа көрнекі үгіт құралдарын бүлдірмеу;
- тыныштық сақтау және шу шығаратын құрылғыларды пайдаланбау, соның ішінде музыкалық аспаптарда ойнаумау;
- және тағы басқа заңмен қарастырылған ережелерді сақтау.

Сонымен қатар, ЕҚТА-ға барған кезде:
- арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде тағам әзірлеу үшін от жағуға, мангал, ошақ орнатуға;
- жануарларды қоректендіруге, ызаландыруға және үркітуге;
- жануарлар тұруға арналған арнайы қоршалған үй-жайларға бөтен заттар лақтыруға;
- өзімен бірге үй жануарларын әкелуге немесе ертіп жүруге;
- балық аулау ережелерін бұзуға, жидектер мен саңырауқұлақтарды жинау нормаларынан асып түсуге;
- жабайы өсімдіктерді жинауға қатаң тыйым салынады.

ЕҚТА-да болу ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес 10-нан 150 айлық есептiк көрсеткiшке (АЕК) дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Біз барлық келушілерді талаптарды сақтауға және ортақ табиғатымызды сақтауға шақырамыз!


Штаттан тыс мобильдік топ құрамының мемлекеттік инспекторы Е.Сарсенбеков