ТҰҢҒИЫҒЫНАН ТАРИХТЫҢ БАСТАУ АЛАТЫН ОРМАНДЫ, ОРДАЛЫ МЕКЕНГЕ 140 ЖЫЛ
Тарихи зерттеулер мен архивтік құжаттарға негізделіп, бұрыңғы Қарқаралының көне және жаңа тарихының мәселелерін жан-жақты зерттеп зерделеген тарихшы ғалымдарымыздың өңіріміздің өткені мен бүгініне жазған еңбектеріне жәнеде танымал өлкетанушымыз, ғалым, Ю.Г. Поповтың өлкеміздің тарихы мен табиғатына арнаған кітаптеріндегі мәліметтерге жүгінсек, Қарқаралы табиғатын қорғау мәселесі бұдан І-бір ғасырдан астам уақыт бұрын қазіргі Қарқаралының әкімшілік-экономикалық және мәдени өмірдің түйіскен маңызды жері уезд орталығы болған кезеннен басталған.
Нақтылап айтқанда, 1884 жылдың 1-ші наурызынан бастап Семей облысының Қарқаралы және Павлодар уездері территориясындағы орманды жерлер жаңадан ашылған Қарқаралы орман шаруашылығының қарамағына өтіп, қорғауға алынған.
Яғни, 2024 жылдың 1-ші наурызында Қарқаралы орман шаруашылығының /қазіргі ұлттық парктің/ дербес мекеме болып құрылғанына 140 жыл толып отыр. Баршамызға ортақ айтулы күн екені сөзсіз.
Орман шаруашылығының еңбек ардагері М.Раймбеков.