Қазақстан Республикасы күніне

Қарқаралы мәдени-сауық орталығында Қазақстан Республикасы күніне орай «Сарыарқа әуендері» атты халық шығармашылығының облыстық байқау-конкурсына арналған ауданымыздың «Атыңнан айналайын, Қарқаралы!» атты театрландырылған концерттік бағдарламасы ұсынылды.

- "Шебердің қолы алтын" атты қолөнер бұйымдарының көрмесінде Қарқаралы ұлттық табиғи паркі Ағаш өңдеу шеберханасы дайындап, әзірлеген, ағаштың қатты тұқымдарынан жасалған, ою-өрнекпен әшекейленген "Тостаған жиынтығы", кітап жиынтықтары көрмеге ұсынылды.

- Көрме барысында ұлттық парк мекемесінің қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстары, алдағы жылға қойылған жоспар т.б мәліметтерімен көпшілік халыққа таныстырылды.

- Аудан жұртшылығы мен облыстық комиссия назарына ұсынылған кітап көрмесі мен сәндік-қолданбалы қолөнер бұйымдар көрмесі тарихымыздан тағылым берсе, сайдың тасындай іріктелген аудан өнерпаздарының өрелі өнері көпшілікте ұмытылмас әсер сыйлады.