Орманы бардың - жері бай!

Орман – жеріміздің өкпесі деуге болады! Біз тыныс алатын ауаның тазалығын сақтайды. Топырақ беті, жер асты ағыстарын реттей отырып, су және жер ресурстарының сақталынуында маңызды рөл атқарады.

Орман – жеріміздің өкпесі деуге болады! Біз тыныс алатын ауаның тазалығын сақтайды. Топырақ беті, жер асты ағыстарын реттей отырып, су және жер ресурстарының сақталынуында маңызды рөл атқарады. Атмосфераның құрамына, су балансына, топырақ бетінің жылу балансына әсер ете отырып жануарлар дүниесінің саны мен саналуандығын реттейді. Орман биосфераның барлық компоненттеріне ықпалын тигізеді, орта қалыптастырушы рөлі маңызды. Қазіргі экологиялық дағдарыстары байқалып отырған заманымызда, жеріміздің топырақ бетітабиғи өсімдіктерінің маңыздылығы артып, орманымыздың күзетілініп, қорғалынуыөзекті мәселе және қызметіміздің басты бағыты.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі төрт орманшылықтардан құралатын болса, солардың біреуі «Қарқаралы» орманшылығы, орналасқан жерімен Қарқаралы – Қасым ауылы және Қарқаралы – Нүркен бағытындағы күре автожолдарының ортасын жалғаса орналасқан. Аумағы – 23 846 гектар, оның шамамен – 10 405 гектары ағаштар өсіп тұрған жерлер. Мемлекеттік орман қорының ЕҚТА заңнамасы аясында аймақтандырылуына сәйкес, орманшылықтың – 2477 гектары Қорық режиміндегі орман алқабына тиесілі, Ұлттық парктің аумағына шаққандағы үлесі – 2,2% процент. Орманшылықтың – 8654 гектар жер алаңында, ЕҚТА заңнамасымен шектеулі шаруашылық жүргізу рұқсат етілген. Әрине, орман және ағаш кесу билеттері негізінде.

Орман аумағын ұлғайтуға, орманды молықтруға бола назар аударылған. Орман екпе ағаштарының өсіріп, жоспарланған алқаптарға қамтамасыз етіп отыру мақсатында, «Ақтерек» елді мекенінде орман тұқымбағы ұйымдастырылған. Нәтижесінде, екпе ағаштар отырғызу жоспарлы іс-шаралары өз межесінде орындалып келеді.

Ормандарды өрттерден күзетіп, сақтау басты міндетіміз. Осы ретте, орманшылықта I – үлгідегі Өрт сөндіру станциясы өз қызметін ойдағыдай атқаруда. Станция алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жеткілікті жабдықталған. 1 – бірлік өрт сөндіру автомашинасы бекітілініп берілген. Жүргізуші және орман өртін сөндірушілер арнайы дайындықтан, Еңбек Қауіпсіздігі нұсқауларынан өткен. Қазіргі таңда, орманшылықтың мемлекеттік инспекторлар құрамы толықтай орман алқаптарының күзетінде. Орман ел байлығы, ортақ ырысымыз, көзіміздің қарашығындай сақтап келер ұрпаққа тапсыру аманат.

«Қарқаралы» орманшылығының орман мастері: А.Нұрқайдаров