Өрттің алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізілді

2018 жылдың 7 маусым күні, Қарқаралы ауданының төтенше жағдайлармен күресу қызметімен бекітілінген бағдарламаға сәйкес, Қарқаралы МҰТП аумағының «Жауыртоғай» орман алқабында Аудандық төтенше жағдайлармен күресу құрамасындағы ауданның күштері мен құралдарының табиғи өрттермен күресуде өзара іс-қимылдарын машықтандыруға оқу-жаттығулары өтті.

Жаттығуға ауданның мекеме кәсіпорындарымен қатар, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.