Бұл аңшылық алқаптардың азықтың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар.
Қосымша азықтандыру жұмысын жыл бойы жүргізу қажет, әсіресе қыс мезгілі кезінде. Себебі, қыста жабайы жануарларға қиын азықтық жағдайлар болады. Жыл сайын ұлттық парк аумағында жануарларды қорғау шараларына барынша назар аударылып, жануарлардың санын арттыруға мемлекеттік инспекторлар үлестерін қосып келеді. Суық, әрі ұзақ қыс айларында қар қалын түскенде жабайы аңдар шоғырланатын жерлерге жиналған шөптерді, тұздарын салып отырады. Аталған жұмыстар Қарқаралы МҰТП аумағының барлық орманшылықта (4 орманшылық бойынша) жүргізіледі. Дайындалған шөптер жабайы жануарлардың қыстан қысылмай шығуына үлкен ықпал етеді. Биотехникалық іс-шараларды жүргізуге мекеме бойынша арнайы жоспар жасалынып, жабайы жануарларға күтім жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Бүгінгі күні, Тау орманшылығының мемлекеттік инспекторлары және ғылым және мониторинг бөлімі мамандары кардондардың айналымында жабайы жануарларды қосымша азықтандыру жұмыстарын жүргізді!