ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ - БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Экологиялық сауаттылық - экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашу. Дәл осы мақсатта М.Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжінде "Экологиялық сауаттылық" апталығы өтуде. Негізгі мақсаты - студенттердің табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру. Экологиялық тәрбиенің міндеті - жас ұрпақ пен барша адам баласының жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту.

Осы мақсатта, колледж студенттері мен Қаркаралы МҰТП - і туризм, рекреация және экологиялық ағарту мамандарымен бірлесе дөңгелек үстел өткізілді. Презентациялық көрсетілім, еркін әңгіме, сұрақ-жауап форматында өткізілінді. Сонымен қатар, 1, 2 курс студенттеріне алдағы болатын Экологиялық акциялармен таныстыру, іс-шараларға тарту жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық сауаттылық апталығына қатысуға мүмкіндік ұсынған М.Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледж басшылығына алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта бірлесе отырып табиғат қорғау тақырыбында игі жұмыстар атқарылатынына сенімдіміз!